2 қараша – журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына тойтарыс беру күні. Алты жыл бұрын бекітілген атаулы күні Біріккен ұлттар ұйымы дүние жүзінде тілшілерге қарсы жасалған кез келген әрекетке жол бермеуге үндеп, журналистерді қудаламауға шақырады.
Қазақстанда журналистердің жұмысына кедергі жасау қылмыс саналады. Бірақ маска киіп, қолшатыр ұстаған белгісіз адамдар билікті сынайтындар жайлы хабар әзірлеп жүрген тілшілерге полицияның көз алдында кедергі келтірсе де жазасыз қалады. Неге?
"Журналистерді қорғау комитетінің" (CPJ) жаңа есебінде әлемде Ауғанстан, Пәкістан, Ресей мен тағы 10 елде журналистерді өлтірген қылмыскерлердің жазасыз қалуы дағдылы жайтқа айналғаны айтылған.
Алматыдағы адам құқықтары жөніндегі бюроға баспасөз жиынына барған журналистерге, соның ішінде Азаттық тілшілеріне жасалған шабуыл жайлы істі тергеуді билік әлі күнге "сөзбұйдаға салып отыр" деп мәлімдеді адвокат Айман Омарова.
Азаттық "Настоящее Время" телеарнасының журналисі Ирина Ромалийская және қырғызстандық заңгер Атыр Абдрахматовамен сөйлесіп, бейбіт жиындарға қарсы күрес құралына айналған арандатушылар феноменінің Қазақстан қоғамына қаупі жайлы пікірін сұрады.
Шілденің 22-і күні Алматыда баспасөз мәслихатына барған журналистерге бір топ адам шабуыл жасап, түсіру техникасына зақым келтірді.
Алматы қаласы полиция департаменті шілденің 22-сі күні журналистерге жасалған шабуылға байланысты тергеу бастағанын хабарлады. Қазақстандық желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар биліктен тілшілердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерді тауып, жазалауды талап етті.
Алматыда қазақстандық адам құқығы бюросындағы баспасөз жиынына барған Азаттық пен өзге де бірқатар БАҚ өкілдеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады. Олар журналистердің техникасын сындырып, жоспарлы шараны өткіздірмей тастады.
28 маусым – қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесі күні. Азаттық бірқатар БАҚ өкілдерінің журналистік ынтымақтастық жайлы пікірін білді.
Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Қазақстанды адам құқықтары мен бостандықтарын сақтап, оларға қойылған шектеулерді жоюға шақырады.
Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голунов өзіне тағылған "есірткі дайындаған" деген айыпты мойындамайды. Әріптестері журналистің ісін кәсіби қызметімен байланыстырады.
Баспасөзді қорғау ұйым өкілдері журналистер сотқа тартылған жағдайда судьялар басшылыққа алатын жоғарғы соттың "Ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау" туралы қаулысын өзгерту қажет дейді.
Тағы