«Саяси қалам. Трибуна» газеті бас редакторы міндетін атқарушы, журналист Жанболат Мамай абақтыға қамалды. AzattyqLIVE тақырыпты «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбаймен талқылады.
"Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторы міндетін атқарушы Жанболат Мамайды билік орындары қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен бірге "қаржы жымқыру ісіне қатысы бар" деген күдікпен тергеуге әкеткені хабарланды.
Amnesty International ұйымы Қазақстанда билікпен келіспейтінін білдіріп, сынаған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалау қаупі күшейіп келеді деп ескертеді. Құқық қорғау ұйымы пост жариялап, комментарийлер жазғаны үшін қамауға алу оқиғаларын талдаған.
Әшкерелеуші мақалалары үшін Әзербайжан билігі журналист Хадиджа Исмаилованы жақтырмайды. Оның Брюссельдегі мәжіліске видеоконференция арқылы қатысуына тосқауыл қоймақ болғандар әрекеті тілшінің өзін таңғалдырды.
БАҚ туралы заңдарға үкімет енгізуді ұсынған түзетулерге қарсы қазақстандық журналистердің онлайн-петициясына қол қойғандар саны әзірше 100 адамға да жеткен жоқ. Медиа-белсенділер жергілікті журналистердің өз мамандығына салғырт екенін айтады.
ОҚО Сарыағаш ауданында бұған дейін бір рет сотталған Амангелді Батырбековтің үстінен сол іспен тағы үкім шықты. Қайыра арыз түсірген - Сайрам ауданы прокуроры орынбасары Нұрлан Сапаров. Бір іспен екі рет сотталған белсенді рақымшылыққа разы емес, «толық ақталуым керек» дейді.
Елде биыл журналистерге қатысты 87 қылмыстық іс қозғалған. БАҚ еркіндігін қорғаушы мамандар «алдағы жылда да жағдай мәз бола қоймас» деп жориды.
Астанада Қазақстан журналистер одағы төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот шешімі шықты. Апелляциялық алқа Матаевтар шағымын қанағаттандырмады.
Азаттық Түркіменстандағы тілшісінің ұсталуын айыптап, журналистің қуғындалуын оның кәсіби қызметімен тікелей байланысты деп біледі.
Орталық Азиядағы биліктің қаһарына ұшыраған диссиденттердің екі таңдауы бар – қашан қамайды деп күтіп жүреді немесе елден кетеді. Бірақ шетелге кетсе де, тыныш өмір сүре алмай жүргендер көп.
Жас белсенділер мен саясаткерлер соңғы он шақты жылда саяси-қоғамдық қозғалыстарының «биліктің қысымынан тым әлсіреп кеткенін» айтады. Билік партиясының жастар қанаты мұндай уәжбен келіспейді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы діни шектеудің күшеюі тұрақсыздыққа ұласуы мүмкін деп қауіптенеді. Сарапшылар елді жетістіктері үшін мақтағанымен, бұл табыстары билік сәтті ауысқаннан кейін ғана бекиді деп санайды.
Тағы