БҰҰ адам құқықтары комитеті қазақстандық журналист әрі белсенді Рамазан Есіркеповтің екі шағымы бойынша шешім шығарды. Құқық қорғаушылар «бұл шешімдер адам құқығы мен баспасөз еркіндігі үшін маңызды» дейді.
Қазақстан территориясында бірнеше шетелдік интернет-сайт бұғатталып тұр. Кей сайттардың әкімшілігі биліктен жауап алмаған соң, бұғатты өздігінен бұзу амалдарын іздеп жатыр.
Түрік журналистері босқындар дағдарысын шешу үшін Анкараның жәрдеміне сүйенетін Еуропа Одағы Түркиядағы баспасөз еркіндігінің жағдайына көз жұма қарайды дейді.
«Тапсырыспен жазылған материалдарды жариялады» деген айыппен қозғалған іс бойынша былтыр желтоқсаннан бері қамауда отырған Гузяль Байдалинованы қамау мерзімі 23 сәуірге дейін ұзартылды.
Оппозициялық Nakanune.kz сайты журналисі Юлия Козлова есірткі сақтау ісі бойынша ақталды. Оның адвокаты Алматы соты шешімін «сирек құбылыс» деп атады.
Ұлттық баспасөз клубы басшысы Сейітқазы Матаевтың "қаржылық қылмысқа қатысты күдікке ілінгені" хабарланды. Журналистер одағы жетекшісін "полиция күшпен алып кетті" деген ақпарат тарады.
Алматының Бостандық аудандық сотында оппозициялық Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтті.
Алматыда оппозициялық журналист Юлия Козлованың соты басталады. Оны «есірткі сақтады» деп айыптайды. Сотталушы істің саяси астары бар деп санайды.
Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.
Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «интернеттегі заңға қайшы материалдар сот шешімінсіз бұғатталып жатқанын» хабарлады.
«Казкоммерцбанкті» қаралайтын мақалалар жариялады деген журналист Рафаэль Балгин мен оның әріптесі Махамбет Әуезов «тапсырыс орындағандарын мойындады».
Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Тағы