Түрік журналистері босқындар дағдарысын шешу үшін Анкараның жәрдеміне сүйенетін Еуропа Одағы Түркиядағы баспасөз еркіндігінің жағдайына көз жұма қарайды дейді.
«Тапсырыспен жазылған материалдарды жариялады» деген айыппен қозғалған іс бойынша былтыр желтоқсаннан бері қамауда отырған Гузяль Байдалинованы қамау мерзімі 23 сәуірге дейін ұзартылды.
Оппозициялық Nakanune.kz сайты журналисі Юлия Козлова есірткі сақтау ісі бойынша ақталды. Оның адвокаты Алматы соты шешімін «сирек құбылыс» деп атады.
Ұлттық баспасөз клубы басшысы Сейітқазы Матаевтың "қаржылық қылмысқа қатысты күдікке ілінгені" хабарланды. Журналистер одағы жетекшісін "полиция күшпен алып кетті" деген ақпарат тарады.
Алматының Бостандық аудандық сотында оппозициялық Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтті.
Алматыда оппозициялық журналист Юлия Козлованың соты басталады. Оны «есірткі сақтады» деп айыптайды. Сотталушы істің саяси астары бар деп санайды.
Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.
Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «интернеттегі заңға қайшы материалдар сот шешімінсіз бұғатталып жатқанын» хабарлады.
«Казкоммерцбанкті» қаралайтын мақалалар жариялады деген журналист Рафаэль Балгин мен оның әріптесі Махамбет Әуезов «тапсырыс орындағандарын мойындады».
Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Алматыда Nakanune.kz интернет басылымында істейтін екі адамның үйіне және редакцияда тінту жүргізілді. Полиция "жалған хабар таратқан" деген негізбен басылымға қарсы тергеу басталғанын айтады.
Алматыда бірқатар журналистердің үйлеріне тінту жүргізген полиция "жалған хабар таратқан" деген негізбен екі басылымға қарсы тергеу бастағанын айтты. AzattyqLIVE хабарында осы мәселе талқыланады.
Тағы