Жас белсенділер мен саясаткерлер соңғы он шақты жылда саяси-қоғамдық қозғалыстарының «биліктің қысымынан тым әлсіреп кеткенін» айтады. Билік партиясының жастар қанаты мұндай уәжбен келіспейді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы діни шектеудің күшеюі тұрақсыздыққа ұласуы мүмкін деп қауіптенеді. Сарапшылар елді жетістіктері үшін мақтағанымен, бұл табыстары билік сәтті ауысқаннан кейін ғана бекиді деп санайды.
Астананың Есіл ауданындағы №2 сотында Қазақстан журналистер одағының жетекшісі, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен оның ұлы ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша сот үкімі оқылды.
Астананың Есіл ауданындағы 2-сот Сейітқазы Матаевты - 6 жылға, оның ұлы Әсет Матаевты 5 жылға соттады. AzattyqLIVE бұл үкімнің жайын журналист Ермұрат Бапимен талқылады.
Түркіменстан президенті тамыздың 29-ы күні Берлинге барып, Германия канцлерімен кездеспек. Құқық қорғаушылар Меркель Түркіменстан басшысы Бердімұхаммедовті еліндегі репрессияны тоқтатуға үгіттер деп үміттенеді.
Тәжікстан билігі үкіметтің жекеменшік теле және радио арналар мазмұнын ресми түрде бақылап отыруына мүмкіндік беретін жаңа ереже қабылдады.
Қазақстан, Өзбекстан сынды авторитарлық елдер кибер-құралдарды режимге жақпайтын адамдардың электронды құрылғыларына бұзып кіру үшін пайдаланады деп жазады шетелдік баспасөз.
Киевте белгілі журналист Павел Шереметтің автокөлікке қойылған бомба жарылысынан қаза табуы жұртшылыққа төбеден жай түскендей әсер етті. Жаңарған Украина үшін бұл қылмысты ашу сынақ болғалы тұр.
Бүгін Украина астанасында автокөліктегі жарылыс салдарынан 44 жастағы журналист Павел Шеремет қаза тапты.
Қазақстандағы журналистиканың ахуалы қандай? AzattyqLIVE хабары бұл тақырыпты журналист әрі құқық қорғаушы Розлана Таукинамен талқылады.
Чехиялық телеарна журналистерге мигранттар дағдарысын елге төнген қауіп ретінде сипаттау туралы нұсқау бергені үшін дауға қалды.
Қазақстанда 21 мамырда бірнеше қалада рұқсатсыз «жер шеруіне» шықпақ болғандарға қарсы биліктің іс-әрекетіне құқықтық баға берген жергілікті құқыққорғаушылар «полиция заң талабын бұзған» деген қорытынды жасаған.
Тағы