Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайынғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жағдайына қатысты есебін жариялады.
Әзербайжандық белгілі журналист Хадиджа Исмаилованың абақтыда отырғанына жарты жыл болды. Бірақ оны қудалау 2014 жылғы 5 желтоқсанда тұтқындалардан әлдеқайда бұрын басталған еді.
«Article 19» халықаралық ұйымы Қазақстанның «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңы сөз бостандығына қауіп төндіретінін айтып, заңға қоғам мүддесін ескеретін өзгерістер енгізуге шақырған.
Алты айдан бері Баку түрмесінде отырған журналист Хадиджа Исмаилова америкалық ПЕН-орталығының сыйлығын алмақ.
Freedom House ұйымының соңғы баяндамасында 2014 жылы баспасөз еркіндігі ахуалы нашарлағаны байқалған. Рейтингте 185-ші орында тұрған Қазақстан баспасөз еркіндігі шектелген елдер қатарына енген.
Алматы облысындағы аудандық «Иссыкский вестник» газеті редакторы "жала жабу" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде тағылған айыптаумен келіспейді.
Борис Немцов Ресейді Владимир Путин басқарған кезде кісі қолынан қаза тапқан қайраткерлердің қара тізімін толықтырды.
Бішкектегі Қырғызстан медицина академиясындағы коррупциялық дау осы оқу орны қызметкерлері Азаттық тілшілеріне күш көрсеткен соң тіпті ушыға түсті.
Сарапшылар мен тәуелсіз журналистердің айтуынша, «цензура» сияқты антиконституциялық ұғым Қазақстанда әлі күшінде. Олар президент сайлауы науқаны тұсында БАҚ-ты бақылау күшейе түседі деп есептейді.
Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстанда былтыр бейбіт жиын өткізу құқығы, сөз бостандығы мен дін еркіндігі аясы тарылғанын айтады.
Adam bol журналының аштық жариялаған бас редакторы басылым мүлкіне қамау салған сот орындаушыларымен және Алматы әкімдігімен соттасып жатыр.
Тағы