Бішкектегі Қырғызстан медицина академиясындағы коррупциялық дау осы оқу орны қызметкерлері Азаттық тілшілеріне күш көрсеткен соң тіпті ушыға түсті.
Сарапшылар мен тәуелсіз журналистердің айтуынша, «цензура» сияқты антиконституциялық ұғым Қазақстанда әлі күшінде. Олар президент сайлауы науқаны тұсында БАҚ-ты бақылау күшейе түседі деп есептейді.
Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстанда былтыр бейбіт жиын өткізу құқығы, сөз бостандығы мен дін еркіндігі аясы тарылғанын айтады.
Adam bol журналының аштық жариялаған бас редакторы басылым мүлкіне қамау салған сот орындаушыларымен және Алматы әкімдігімен соттасып жатыр.
Қазақстанда жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері күшіне енді. Бірақ белсенділер сот тәуелсіз болмай, құқықтық әділет орнамайды дейді.
Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилованың Баку абақтысында отырғанына бір айдан асты. Халықаралық ұйымдардың қолдауына қарамастан, оның басына түскен сынақ әлі бітпейтін тәрізді.
Мадридте тұтқындалған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевты тергеу абақтысынан түрмеге ауыстырады. Енді ол экстрадициялауға қатысты мәселені қаралатын сот процесі кезінде түрмеде болады.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Әзербайжандағы Азаттық бюросының бірнеше қызметкерін полиция ұстап, тергеуге апарды. Екі күн бұрын Азаттық редакциясын осы елдің прокуратурасы тінтіп, кеңсені жауып, есігін мөрлеп кеткен еді.
Азаматтық қоғам өкілдері «ADAM bol журналын түнделетіп шешім шығарып, саяси астармен жапты» дейді. Билік мұны теріске шығарады.
Ресей тергеу комитеті Алексей Навальный маңайындағы адамдардың біріне қарсы іс қозғады.
Томскідегі ТВ-2 тәуелсіз телеарнасы 2015 жылдың қаңтарынан бастап хабар таратуын тоқтатуы мүмкін.
Тағы