Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилованың Баку абақтысында отырғанына бір айдан асты. Халықаралық ұйымдардың қолдауына қарамастан, оның басына түскен сынақ әлі бітпейтін тәрізді.
Мадридте тұтқындалған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевты тергеу абақтысынан түрмеге ауыстырады. Енді ол экстрадициялауға қатысты мәселені қаралатын сот процесі кезінде түрмеде болады.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Әзербайжандағы Азаттық бюросының бірнеше қызметкерін полиция ұстап, тергеуге апарды. Екі күн бұрын Азаттық редакциясын осы елдің прокуратурасы тінтіп, кеңсені жауып, есігін мөрлеп кеткен еді.
Азаматтық қоғам өкілдері «ADAM bol журналын түнделетіп шешім шығарып, саяси астармен жапты» дейді. Билік мұны теріске шығарады.
Ресей тергеу комитеті Алексей Навальный маңайындағы адамдардың біріне қарсы іс қозғады.
Томскідегі ТВ-2 тәуелсіз телеарнасы 2015 жылдың қаңтарынан бастап хабар таратуын тоқтатуы мүмкін.
Сарапшылар «Жастар интернетке көшті, терроризммен интернетте күресуіміз керек» дейді. Алайда «күрес» кезінде заң шеңберіндегі материалдар да бұғатталып, сөз бостандығына нұқсан келіп жатады.
Бас прокуратура «Сириядағы «жиһадшы» балалар» видеосын таратуға тыйым салды. Ал сарапшы «оқырманға дұрыс бағыт беретін материалдар да бұғатталып жатқанына» наразы.
Шағымданушы журналистен «жала жапқаны үшін» моральдық өтемақы талап етті. Баспасөзді қорғау ұйымы дерегінше, тілшілерді мұндай айыппен сотқа тарту жиілеп барады.
Ол «Біз беріспейміз!» дейді. Игорь Стрелков екі жарым ай бойы кепілде ұстаған журналист әйел Донбастағы майдан шебін де аралап қайтты.
Кейде қылмыскерлер әрекеттері әшкере болып қалмау үшін ізіне түскен журналистердің көзін жояды. Оларға тілшіні өлтіру түкке тұрмайды, өйткені мұндай қылмыстардың 90 пайызы ашылмай қалады.
Тағы