Жақында құрылған теңқұқықты журналистер федерациясының жетекшісі Розлана Таукина Азаттыққа берген сұхбатында цензура мен жергілікті журналистика сапасы туралы айтты.
Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділер Женеваға адам құқығы туралы балама есеп әкелді. Олар Қазақстан билігінің бұл бағыттағы жұмысын сынайды. Ал Астана өзінің ресми есебін ұсынбақ.
Шетелде жүрген Әзербайжанның белгілі журналисі Хадиджа Исмаилова «елге оралсаң, тұтқындаласың» деген ескерту алған. Оның айтуынша, Әзербайжанда азаматтық қоғам өкілдеріне қысым күшейген.
Молдова православ шіркеуі басшысының Түркиядағы жағажайда бір әйелмен түскен суреттерін жариялаған жергілікті газет қоқан-лоқыға тап болғанын айтады.
Adam bol журналының редакциясы Атырау қаласындағы «Иманғали» мешіті имамы орынбасарының пайдасына 2 миллион 500 мың теңге өндіру туралы сот шешіміне қатысты шағым бермекші.
«Әділ сөз» қоры Қазақстанда сөз бостандығы тарылып, журналистерді қудалау күшейгенін жазады. Ұйымның биылғы есебіне «Азаттық» тілшісінің қамалғаны мен сайтының блокталғаны да кірген.
Қазақстан Жоғарғы соты оппозициялық «Правдивая газетаны» жабу туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Ашық сотқа барған журналистер мен Еуропа одағы өкілін бір сағаттан аса уақыт сотқа кіргізбеді.
Ресейге түрмеде отырған ұшқыштың жағдайын білу үшін барған украиналық журналист Евгений Агарковтың өзін де 10 күн қамауда ұстаған соң Ресей билігі оны елден шығарды.
Ресей думасы кабель және спутник телеарналарына жарнама беруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдап, жұртты таң-тамаша қалдырды. Бұл заң әсіресе тәуелсіз телеарналарға ауыр соққы болып тиді.
Гитлер туралы даулы нөмір шығарған журнал редакторы қылмыстық жазаға тартылмайтын болды, бірақ оның үстінен жаңа әкімшілік іс қозғалды.
Қазақстанда қудаланған оппозициялық журналист Наталья Садықоваға БҰҰ босқын мәртебесін берді. Енді ол Украинадан саяси баспана алу үшін құжаттарын әзірлеп жатыр.
«Журналистер күні» қарсаңында Азаттыққа сұхбат берген қазақтілді журналистиканы зерттеп жүрген маман Қазақстандағы билік пен БАҚ-тың қарым-қатынасы және сөз бостандығы ахуалы туралы ойларын айтты.
Тағы