«16/12» арнасына бейне репортаждар әзірлеп келген «Ракурс» продюсерлік орталығы кеңсесін қаржы полициясы тінтіп, мүлкін тәркілеп әкетті деп хабарлады.
Қазақстан жоғарғы соты оппозициялық басылымдардың «Республика» деген біртұтас БАҚ» ісі бойынша шағымын қанағаттандырмады. Оппозициялық БАҚ енді Қазақстаннан тыс ұйымдарға шағымданбақ.
International Partnership for Human Rights халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуроодақты Қазақстанмен келіссөздерде елдегі адам құқығы ахуалын жақсарту мәселелерінде табандылық танытуға шақырды.
Иранның жаңа үкіметі Батысқа сыртқы саясатын жұмсартқан түр байқатқанымен, елдегі ішкі саясаттың қатаң ережелері әлі өзгерген жоқ.
Журналистер мен құқық қорғаушылар Қазақстан билігі сөз бостандығын шектеудің қитұрқы амалдарын қолдана бастады деп санайды.
Құқық қорғаушы және журналист Александр Харламов Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына этаппен апарылды. Енді оның ісі сотқа жіберілуі мүмкін.
Мультимедиалық жоба бастаған оппозициялық басылым журналистері енді блогерлер тобы ретінде онлайн режимде «өзекті мәселелер» туралы сұхбат алып отырмақшы.
Парламент «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасын қабылдады. Кейбір журналистер мен құқық қорғаушылар бұл заң билік иелерінің мүддесі үшін қажет деп санайды.
Көптеген кедергілерге қарамастан төрт жыл бойы Өзбекстандағы жаңалықтарды әлемге таратып, қуғын-сүргінге көп ұшыраумен танымал болған санаулы ғана БАҚ жабылып қалудан қауіптенеді.
12 наурыз - интернет-цензурамен халықаралық күрес күні. Осыған орай Парижде әлемдегі сөз бостандығына үлес қосқан блогшыларды марапаттау рәсімі өтеді.
Өткен жылдың соңында ҰҚК Stan.kz бейнепорталының кеңсесін тінтті. Журналистер бүгін комитеттен заттарды қайтаруды сұрады.
Авторитарлық үкіметтер "шектен тыс сөз бостандығы тұрақтылыққа қатерлі" дейді. Ал ЕҚЫҰ өкілі Дуня Миятович Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол пікірдің қисынсыз екенін айтты.
Тағы