Шілденің 29-ында Алматыда мемлекеттік емес журналистер ұйымдары ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің атына ашық хат жолдап, жуық арада шешімі шығуы тиіс Рамазан Есіргеповтің ісін жіті бақылауға алып, назарда ұстауды сұрады.
Тараз қаласындағы №2 сотта жабық жағдайда өтіп жатқан процесте жұма күні прокурор судьядан айып тағылған журналист Рамазан Есіргеповті 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Қазір Тараз қаласында жабық сотқа тартылып жатқан журналист Рамазан Есіркеповтің қоғамдық қорғаушылары оның денсаулығының сыр бергенін мәлімдеді.
Сәуірдің 23-і күні Тараз қаласындағы № 2 сотта «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповке қатысты қылмыстық іс бойынша сот басталады. Алайда, үш түрлі айып тағылған Есіргеповті сотта қорғайтын адвокаттар мемлекеттік құпияға қол жеткізуге рұқсат қағаз ала алмай жүр.
Бейсенбі күні Алматының Медеу аудандық соты «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетовке 150 мың теңге (1 мың АҚШ доллары) айып салуға шешім шығарды. Дауласушы тараптар сот шешіміне разы болмады.
Наурыздың 18-інде «Алма-Ата инфо» газеті құрылтайшысының апелляциялық шағымын қараған Алматы қалалық сот алқасы бұның алдындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың басылымды уақытша жабу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Дүйсенбіде Медеу аудандық сотында «Алма-Ата инфо» газеті мен оның талдықорғандық тілшісі Асхат Бименбетовке қарсы сот отырысы жалғасып, онда тараптар даулы мақалаға қатысты жүргізілген сот-филологиялық сараптама қорытындысымен танысты. Соттың келесі мәжілісі бейсенбіде болады.
Алматының Медеу аудандық соты «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісіне қарсы жергілікті кәсіпкердің берген талап арызы бойынша азаматтық сот ісін қарауды бастады.
Елдегі интернет пен БАҚ-тардың еркіндігін одан әрі шектеудің жанында, өзінің жеке блогын ашқан Кәрім Мәсімовтың бастамасы «көз алдау үшін жасалған пиар-трюк болып қалуы мүмкін» деп жазады Economist журналы.
Алматы қалалық ауданарлық мамандандырылған экономикалық соты журналист Рамазан Есіргеповтің «Алма-Ата-Инфо» газетіне жариялаған материалына сараптама жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырған жоқ. Енді газетті қорғаушылар осындай шешім шығарған сот төрешісінің әділдігіне күмән келтіріп, оны бұл істен шеттету туралы өтініш түсірді.
Сейсенбі күні Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров ҰҚК-нің қызметкерлері «Алма-Ата ИНФО» газетінін бас редакторы Рамазан Есіргеповті оның тергеу ісіне көмектесуден бас тартқаны үшін ұстауға мәжбүр болды деп айтты.
Түрмеде отырған тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов жәрдем сұрап, қазақстандық билікке жақын, сондай-ақ оппозицияда жүрген барлығы он партияға үндеу жолдады. Арада бір тәулік өткенде олардың жетеуінің әлі «кеңесіп» жатқанын анықтадық.
Тағы