Ауторитарлық режимге демократияның шапанын кигізуде қазақ басшылары Сталинді де шаң қаптырды. Вашингтонның стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы мен Жаңа демократиялар институты білек сыбанып іске кірісті.
Жамбыл облыстық сотының алқасы Рамазан Есіргеповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, Тараз қалалық сотының 8 тамызда шығарған 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімін күшінде қалдырды.
Халықаралық ұйымның баяндамасында Қазақстан 142 орында тұр. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 15 сатыға төмен көрсеткіш. Қазақстандық сарапшылар болса республикадағы сөз бостандығының жағдайы одан да төмен дегенді айтып отыр.
Мәмбет Қойгелдінің жаңа кітабына ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін арқау болған. Кітаптың Алматыда өткен тұсаукесерінде аутор Қазақстанда бүгінгі күні етек алған жаппай тұтқындаулар туралы пікір-көзқарасын білдіре қоймады.
Қыркүйектің 23-і күні журналистер Сергей Дуванов пен Рысбек Сәрсенбайұлы белгілі құқыққорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған сот үкіміне наразылық акциясын жалғастырды. Бұл жолы құқық қорғау орган өкілдері тек бақылаушы рөлін атқарды.
«Азат» партиясының белсенділері Талдықорғанда «Тіл де құрал және оны Қазақстанның қазіргі жағдайында қолдану» деп аталған наразылық акциясын өткізді.
Журналист Рамазан Есіргеповті қорғау жөніндегі штаб ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа жазған хаттың мәтінін бір мезгілде ҰҚК-нің барлық аймақтық департаменттеріне табыс ету акциясын өткізетіндіктерін мәлімдеді.
Тамыздың 13-і күні Астанада Жоғарғы соттың қадағалау алқасы «Алма-Ата инфо» басылымына қатысты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ол шешімге газет Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің қызметтік хаттарын жариялады деген Медеу аудандық прокуратурасының талап арызы негіз болған еді.
Баспасөзді қорғау ұйымдары Рамазан Есіргеповке қатысты шығарылған үкімге наразылық танытты. Журналистің жақтастары наразылық акциясын ұйымдастырылмақшы.
Осыған орай демократиялық қауымдастық баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, арнайы митинг өткізуді және халықаралық баспасөзді қорғау ұйымдарының назарын аудартуды көздеп отыр.
Сегіз айға созылған Рамазан Есіргеповтың ісіне нүкте қойылды. Журналист 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың қалай өткенін көзімен көргендер Рамазан Есіргеповтың ұстамды болғанын және сол күні Таразда қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін айтады.
Рамазан Есіргепов 2009 жылдың 6 қаңтарында Алматыда ауруханада жатқан жерінен тұтқынға алынды. Бұған дейін оны Тараз қаласына күштеп әкетпек болған, бірақ Рамазан чекистердің қолынан сытылып шығып, біраз уақыт АҚШ елшілігін паналады.
Тағы