Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділер Женеваға адам құқығы туралы балама есеп әкелді. Олар Қазақстан билігінің бұл бағыттағы жұмысын сынайды. Ал Астана өзінің ресми есебін ұсынбақ.
2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты бес жылға сотталған Шабдал Өткелов бостандыққа шықты.
Шардараның төрт тұрғыны астаналық шенеуніктерге «түрмедегі күйеулеріміз бен ұлдарымыз азаптауға ұшырады» деп шағымданады.
Павлодар колониясындағы сотталушылардың туыстары түрмеге ішкі әскер енгізіліп, сотталушыларға қысым көрсете бастағанын хабарлап жатыр. Колония алдына ондаған адам жиналып тұр.
Халықаралық «Ашық диалог» ұйымы Қазақстан билігін түрмедегі диссидент Арон Атабекке қысым жасауды тоқтатып, рақымшылық жариялауға шақырды. Түрме өкілдері «Атабекке қысым жоқ» дейді.
Әзербайжанда адам құқығын қорғаушы ерлі-зайыпты Лейла және Ариф Юнустардың «алаяқтықпен айналысып, мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен тұтқында отырғандарына бір айға жуық уақыт болды.
Шымкент колониясында жазасын өтеп жатқан балаларымен кездескен ата-аналар түрмеде ұлдарын «қинап, қысым жасалатынын» айтады.
Тергеушілер де, сот та «полицейді соққыға жыққан зейнеткер өзін өзі жаралап, ауруханада үш апта жатып шықты» деп болжайды. Ал құқық қорғаушылар полицияның жауапкершіліктен жалтаруға тырысқанын айтады.
Ресей билігі түрмедегі тұтқындардың еңбегін пайдалануды күшейте түсті. Түрмедегі жұмысты «азаптауға» теңеген сотталғандар өздерінің қорғансыз күйі мен тәуелсіз бақылаушылардан қайыр аз екеніне шағым айтады.
Тегеран қара жамылды. Ислам революциясы көсемдерінің бірі, белгілі сот Аятолла Мохаммади Гилани өмірден озды. Бірақ оның қарсыластарын аяусыз жазалағаны ел есінде мәңгі қалатын сияқты.
Рудный тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ комитетіне өзін полицейлер азаптағанын дәлелдеді. Енді Қазақстан үкіметі істі тексеріп, кінәлілерді жазалауы тиіс. Бұл - Қазақстандағы осындай үшінші жағдай.
Астаналық Руслан Темірболатов «полицейлер көлік ұрлағаныңды мойында деп ұрып-соқты» деп шағымданады. Азаптау туралы іс бір ай бұрын қозғалған. Ал көлік ұрлауға қатысты іс сотта қарала бастады.
Тағы