Украина қарулы күштері ел шығысын бақылауға алу үшін күш сап жатыр. Ал ресейшіл бүлікшілер қолына түскендерді азаптауды дағдылы іске айналдырды.
Украинаның Славянск қаласында ресейшілдер тұтқынында болған Польшаның үкіметтік емес ұйымында жұмыс істейтін журналист Сергей Лефтер Азаттыққа тартқан азабын баяндап берді.
Иран президенті «шетелде жүрген ирандықтар елге оралыңдар» деп, оларды құшақ жая қарсы алатын сыңай танытқан. Бірақ қайтып келген диссиденттер қайта қуғынға ұшырап жатыр.
Шығыс Украинада журналистер, жергілікті саясаткерлер, қарапайым азаматтар жоғалып жатыр. Баспасөзді қорғайтын халықаралық ұйым жоғалып кеткен, қаза тапқан, сепаратистер қамауында отырған адамдар тізімін жариялады.
Иранның арасында әйелдер де бар ондаған тұрғыны шаштарын тықырлап қиып, суреттерін интернетке жариялады. Олар мұндай айрықша тәсілмен саяси тұтқындарды қолдайтындарын білдірді.
Жәбірленушілер «полицейлер бізді жалған куә болуға көнбеген соң азаптады» дейді. Ал айыпталушылар оны жоққа шығарады.
Арқалықтағы колонияда жазасын өтеп жатқан Александр Гапонов «11 сағат бойы қолымды желкеме қойғызып, жүрелетіп отырғызып азаптады» деп бас прокуратураға шағым жазды.
Украинадағы «Еуромайдан» белсенділері мен туыстары шеру кезінде жоғалып кеткен екі жүздей адамды іздестіріп жатыр. Шын мәнісінде қанша адамның қаза тапқаны әлі беймәлім.
Белсенді Решат Әметовті өлтірмес бұрын азаптағаны анықталды. Бұл оқиға Қара теңіздегі түбекте тұратын мұсылман қауымы арасында үрей тудырды.
АҚШ мемлекеттік департаменті әлем елдеріндегі адам құқықтарына арналған есебін жариялады. АҚШ авторитарлық режимдердің билігін сақтау үшін қауіпсіздік күштерін пайдаланып отырғанын айыптайды.
Ауған полициясының бір топ офицері медбикені ұрлап, зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Полицияның сорақы әрекеттері туралы арыздар бұл елде бұған дейін де көп түсетін.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Чехияға ресми сапары кейінге шегерілді. Оның Еуропаға келуіне халықаралық құқық қорғау ұйымдары қарсы болған еді.
Тағы