Ұрып-соғу, үстіне қайнаған су құю, денесіне ыстық үтік басу, электрошокермен азаптау. Қаңтардағы дүрбелеңде және одан кейін ұсталған азаматтардың азаптауға ұшырағаны жайлы шағым көбейді. Билік әрқайсын мұқият зерттеуге уәде етеді. Құқық қорғаушылар биліктің зерттеу жүргізуге құлықсыз екенін айтады.
Атыраудағы митингіге қатысқан Сергей Шутов кейін өзге адамдармен бірге қаладағы полиция бөлімінің "Динамо" спортзалында азапталғанын айтады. Шутов басынан кешкенін Минскідегі Окрестина көшесіндегі атышулы изолятордағы азаптауға теңейді. Атырау полициясы "Шутовтың сөзі расталмады" дейді.
Ресейдегі қамау орындарында тұтқындарды азаптау сәті түсірілген жантүршіктіретін түрлі видеолдарды жариялап жүрген Gulagu.net құқық қорғау жобасының авторы Владимир Осечкин Азаттыққа берген сұхбатында мұндай азаптау Қазақстанда да бар деп санайды.
Жауғашты түрмесінде өзін зорлағанын айтып шағымданған әйелді сот бір айға психиатриялық емханаға мәжбүрлеп жатқызуды бұйырды. Сараптама авторлары оның "ақыл-есі дұрыс емес" деген қорытынды шығарған. Адвокат билік мұны "зорлау" және "азаптау" бабымен қозғалған істі жабу үшін жасап отыр дейді.
Еуропарламент шағын комитеті өткізген тыңдауда еуропалық саясаткерлер мен құқық қорғаушылар Қазақстан үкіметінің адам құқығының жай-күйін жақсарту уәдесі сөз күйінде қалып қойғанын сынады. Ресми Нұр-Сұлтанға айтылған сынға Қазақстан омбудсменінің жауап беруіне тура келді.
Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
Азаттық бірнеше күн бұрын билік Павлодар түрмесінен шығарып, Алматыға жеткізген диссидент Арон Атабектен сұхбат алды. 15 жыл қамауда отырған ақынның қазіргі жағдайы қалай? Ол неге өзінің түрмеден босап шыққанын "алдау" деп санайды?
Рейбанттар отбасының Петропавл қалалық полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп жүргеніне бесінші жыл. Туыстары Анатолий Рейбанттың ажалы "полицияның ұрып-соғуы салдарынан болды" деп санайды. Прокуратура марқұм "өз-өзін жарақаттаған" дейді.
Сайлау күні Алматы полициясы бейбіт наразылық акциясына шыққан азаматтарды қоршап, ас-су бергізбей, әжетханаға шығармай 9 сағатқа дейін суықта далада ұстады. “Кеттлинг” дейтін бұл әдіс қайдан келді, өзге елде қолдана ма, Қазақстандағысы азаптау емес пе? Азаттық түсіндіреді.
Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қаза болған Азамат Оразалының өліміне байланысты үш полицей қамауға алынып, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Туыстары "мал ұрлығын мойындатпақ болған полиция жігітті қинап өлтірген" дейді.
Тағы