Еуропарламент шағын комитеті өткізген тыңдауда еуропалық саясаткерлер мен құқық қорғаушылар Қазақстан үкіметінің адам құқығының жай-күйін жақсарту уәдесі сөз күйінде қалып қойғанын сынады. Ресми Нұр-Сұлтанға айтылған сынға Қазақстан омбудсменінің жауап беруіне тура келді.
Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
Азаттық бірнеше күн бұрын билік Павлодар түрмесінен шығарып, Алматыға жеткізген диссидент Арон Атабектен сұхбат алды. 15 жыл қамауда отырған ақынның қазіргі жағдайы қалай? Ол неге өзінің түрмеден босап шыққанын "алдау" деп санайды?
Рейбанттар отбасының Петропавл қалалық полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп жүргеніне бесінші жыл. Туыстары Анатолий Рейбанттың ажалы "полицияның ұрып-соғуы салдарынан болды" деп санайды. Прокуратура марқұм "өз-өзін жарақаттаған" дейді.
Сайлау күні Алматы полициясы бейбіт наразылық акциясына шыққан азаматтарды қоршап, ас-су бергізбей, әжетханаға шығармай 9 сағатқа дейін суықта далада ұстады. “Кеттлинг” дейтін бұл әдіс қайдан келді, өзге елде қолдана ма, Қазақстандағысы азаптау емес пе? Азаттық түсіндіреді.
Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қаза болған Азамат Оразалының өліміне байланысты үш полицей қамауға алынып, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Туыстары "мал ұрлығын мойындатпақ болған полиция жігітті қинап өлтірген" дейді.
Қазақстанның бірнеше өңіріндегі түрме әкімшілігі тұтқын құқығын қорғаумен айналысатын Елена Семенованы сотқа берді. Әлеуметтік желіде Семенованың жақтастары құқық қорғаушыны қудалауды доғаруды, колониялардағы азаптау фактілері туралы хабарларды тексеруді талап етті.
Сәуірде Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт бала қаза тапқаннан кейін, Қазақстан билігі елдегі барлық мемлекеттік медициналық-санитарлық мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Қайтыс болған балалардың денесі қатты жүдегені белгілі болды.
Kuresker.org құқық қорғау сайты Қазақстандағы белсенділерді қудалау, түрмедегі тұтқындарды азаптау жайлы материалдарынан кейін билік сайтты әдейі бұғаттап тастады деп санайды. Шенеуніктер оны жоққа шығарады.
Бүгін, 1 мамырда Нұр-Сұлтанда бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген әйелді соңғы сапарға шығарып салды.
Тараз түрмесіндегі тұтқындардың бірі колония басшылығына наразылық ретінде аштық жариялап, енді бірі аузын тігіп тастады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті "ұдайы тәртіп бұзатындар" "қоғам назарын басқаға бұру үшін" өз денесін әдейі жарақаттайды дейді. Құқық қорғаушылар тұтқындарға адвокат жалдамақ.
Тағы