Батыс баспасөзі осы аптада Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі мен Шыңжаңдағы жағдайдың Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа ықтимал әсерін талдаған. Бұған қоса, әлемнің аса ірі мұнай корпорациялары мұқият бақылап отырған ертең басталатын Каспий саммиті туралы да жазған.