Азаптаудан зардап шегіп, жәбірлеушілерін соттатуға қол жеткізген Николай Синявин енді ақшалай өтемақы өндіруге тырысып жүр. Өтемақы төлеуі тиіс ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.
Ақпанның 18-і күні Қостанай облысында 33 жастағы Расим Байрамовты жерлейді. Ол өзін азаптаған полицейлерді жазалата алмады. Адвокат дерегінше, полицейлер ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр.
Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясы қаңтарда тұтқындардан азаптау жайлы шағымдар былтырғы қаңтардан гөрі әлдеқайда көп түскенін хабарлады. Билік «азаптау жайлы хабарлар тексеріледі» дейді.
Ресейлік азаматты Қырғызстанға экстрадициялағаны үшін өтемақы төлеуден бас тартқан Қазақстан билігі үстінен БҰҰ-ның арнайы өкіліне шағым жолданды. Ол азаматты Қырғызстанда «азаптаған».
Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов жылқы өсіру министрі болған еді. Ол елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.
Жаңаөзен ісі бойынша өткен сот процесінде бірнеше адам «тергеу изоляторындағы азаптау» туралы айтқанымен прокурорлар «дәлел таба алмай» қылмыстық іс қозғалмаған.
«Суицидтен» қайтыс болған тұтқын Арсен Ақылбаевтың анасы баласын «өзіне қол салуға жеткізген» түрме қызметкерлерін айыптайды. Тұтқын азаптауға шағымданған соңғы хатын 6 ай бұрын жазған.
Жаңаөзендегі қанды оқиғаға төрт жыл толу қарсаңында «өкілетін асыра қолданғаны үшін» сотталған полицейлер де, «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» да түгел босап шықты.
Ауғанстанда алғашқы неке түні пәктігін дәлелдей алмаған қалыңдық өмір бойы азап кешіп өтеді. Олардың кейбірін түрмеге жапса, кейбіреуін тіпті өлтіріп тастайды.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодар облысы түрмелерінде «тұтқындар құқығы бұзылып жатқаны» жөнінде әлеуметтік желіде жиі хабарлайды. Енді ол «жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген.
Түрмедегі «жамағатшы» Сәкен Тулбаевпен кездесуде болған құқық қорғаушы «түрмеде тұтқынды соққыға жыққан сияқты» дейді. Түрме әкімшілігі бұл болжамды терістейді.
Тағы