Үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстан, Тәжікстан мен Түркіменстан жайлы бірлескен шолуында үш елде азаматтардың негізгі бостандықтарының бұзылып отырғаны айтылған.
Бұрынғы кедендік бақылау комитетінің басшысы әрі бұрынғы ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовті азаптауға қатысты іс түрме қызметкерін соттаумен аяқталды.
Бас сүйегі зақымданып, түрме ауруханасында жатқан тұтқын Ескендір Түгелбаевты колонияға ес-түссіз күйінде қайтарған.
Павлодар қаласындағы тергеу абақтысында отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек камера үлгісіндегі бөлмеден жалпы камераға ауыстырылды.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Семей колониясында түсірілген жантүршігерлік видеоның авторы делінген сотталушының жағдайы туралы қарама-қайша мәлімет түсті. Белгілісі, оның колония басшылығына «шағымы жоқ».
Жамбыл облысындағы ЖД-158/2 колониясының қызметкері қамаудағы адамды ұрып-соғып, қинағаны жайлы тұтқын туыстарының шағымынан соң қызметтік тексеру басталды.
Қарағанды облысында мүгедек адамды азаптады деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот ісі басталды. Сотталушылар бұрын айтқан сөздерінен бас тартып, куәгерлер түсініктемесін өзгертіп жатыр.
Түрмеде жарақат алған жігіттің өгей анасы биліктегілерге арыз айтқан соң бұл іске прокуратура араласты. Дегенмен, бұл қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін дейді ана.
АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайынғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жағдайына қатысты есебін жариялады.
Азаттық 26 маусым күні қамау орындарындағы азаптау мен қатыгездік жайлы онлайн-конференция өткізді. Хабардың қонағы құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль болды.
Өзбекстан билігі адам құқығы бұзылғаны туралы деректер жинаған құқық қорғаушы Елена Урлаеваны жазалаған соң, халықаралық ұйымдар белсендінің жағдайына тағы назар аударды.
Тағы