Азаттық 26 маусым күні қамау орындарындағы азаптау мен қатыгездік жайлы онлайн-конференция өткізді. Хабардың қонағы құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль болды.
Өзбекстан билігі адам құқығы бұзылғаны туралы деректер жинаған құқық қорғаушы Елена Урлаеваны жазалаған соң, халықаралық ұйымдар белсендінің жағдайына тағы назар аударды.
Жазасын өтеушінің анасы хабарлаған «түрмені әскермен тінтуден кейін баламның бас сүйегі сынып, сөйлей алмай қалды» деген ақпарат расталды. Түрме басшылығы «бәрі заң аясында болған» дейді.
Семейде түрмеде отырған Виталий Бутин тұтқындарға күш қолдану сәті түсірілген видео авторы деп танылды. Түрме басшылығы «оқиға кезінде заң бұзылмаған» десе, автор «қысымға ұшырағанын» айтады.
Борис Немцов Ресейді Владимир Путин басқарған кезде кісі қолынан қаза тапқан қайраткерлердің қара тізімін толықтырды.
Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы «Хизб-ут-тахрир» мүшесі Рафис Ғалиулин түрмеде азаптауға ұшыраған» деген құқық қорғау ұйымының мәлімдемесін теріске шығарды. Ал тұтқынның әйелі ерінің жағдайын тексеруді талап етеді.
Азаптау ісі бойынша полицейлерді жазаға тарттыруға тырысқан Николай Синявинге «ұрлық жасады» деген айып тағылды. Ол оқиғаның бұлай өрбуін азаптауға қарсы күреспен байланыстырады.
Ресми орган «Дутчактың түрмеде қысым көрмегенін» Азаттыққа енді ғана мәлімдеді. Тұтқынның анасы кездесу уақыты жетсе де ұлын көре алмай отырғанын айтып шағымданады.
2011 жылдың желтоқсанындағы полиция тергеуінен кейін Базарбай Кенжебаевтың өзі, бір жылдан кейін әйелі, үш күн бұрын қызы Әсем қайтыс болды.
Рудный тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің қаулысы негізінде облыстық ішкі істер департаментінен моральдық өтемақы өндіру ісіне қатысты сотта жеңіп шықты.
Сарапшылар Қазақстандағы адам құқығының жағдайы 2014 жылы да бұрынғы нашар күйінен өзгермегенін айтады.
Жаздан бері түрмеде жатқан әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнус желтоқсанның 2-сі күні қызынан хат беріп жіберді. Онда Юнус жендеттерден көрген қорлығын баяндайды. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын санайды.
Тағы