Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елде "ЛГБТ пропагандасына" тыйым салуды ұсынды. Жастар арасынан сайланған депутат "ЛГБТ тақырыбындағы фильмдерді көрсетпеу керек" дейді. Бірнеше күн бұрын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми сайтында біржынысты некені "арсыз", "азғындау" деп атады. Бұл пәтуа феминистік қозғалыстар өткізген әйелдер шеруі қарсаңында жарияланды.
Прокуратура елде азаптау қылмысы бойынша 220 іс тергеліп жатқанын айтты. Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасынан соң адам азаптаған күш құрылымдары қызметкерлеріне қарсы ашылған істердің көбі жабылғанын сынайды. Күш құрылымдарының азаптауынан өткендер кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден "шетелдікке күйеуге шыққан қызға салық салу керек" деген ұсынысын парламентте көтеруге дайын екенін айтты. Оның сөзі қазақ қоғамында бұрын да айтылған шетін тақырыпқа қызу пікірталас туғызды. Бір топ белсенді Әбденді депутат мандатынан айыру туралы петиция жариялады.
Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған" деп айыпталған, тіркелмеген Демпартияның лидері Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, сонша мерзімге қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салды. Мамай "саяси астары бар" үкімге келіспейтінін мәлімдеді.
30 наурызда Алматыда "Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу" ісі бойынша бес адамның соты басталды. Олар тағылған айыпты мойындамайды. Судья істі алқабилер қарауына беруді, абақтыда отырған төрт адамды үйқамаққа ауыстыруды, процесті қазақша жүргізуді сұраған адвокаттардың өтінішін орындамады.
Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы 2022 жылғы есебінде Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде адам құқығы бұзылып, азаптау, заңсыз қудалау күшейгенін жазады. Халықаралық ұйым есебінің Қазақстанға қатысты бөлігінде не айтылғанын шолып шықтық.
Жоғарғы сот "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен түрмеге кесілген шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты толық ақтады. Аштаев – Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, Жоғарғы сот ақтаған алғашқы адам. Сот "дереу босталсын" деп шешім шығарса да, түрме әкімшілігі оны әлі қамауда ұстап отыр.
Америкалық Freedom House (FH) үкіметтік емес ұйымы Қазақстанды оппозиция өкілдерін сайлауға қатыстырмай, наразыларды қудалайтын "еркін емес авторитар ел" деп атады.
Freedom House құқық қорғау ұйымы "Әлемдегі еркіндік – 2023" атты жаңа есебінде Орталық Азия елдерінде еркіндік жоғын, Қазақстанда Қаңтар оқиғасын тергеу біржақты жүргізілгенін айтты. Азаттық халықаралық ұйымның Еуропа және Еуразия аймағы бойынша аға ғылыми қызметкері Майкл Смельцермен сұхбаттасты.
Әйелдерге өз-өзін қорғауды үйрететін тегін курстар Қазақстанда сирек кездеседі. Әйелдер қорғануды көбіне бокс, дзюдо, самбо, джиу-джитсу, грепплинг, каратэ немесе тхэквондо арқылы үйренеді.
Тағы