Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары Өзбекстанмен арадағы «шекара сызығы белгіленгеніне 12 жыл болса да әкімдік қауіпті әрі күнкөріс қиын аймақтан көшірмей отырғанын» айтады. Азаттық тілшісімен тілдескен тұрғындардың кейбірі тұрмыс тауқыметін айтып, көзіне жас алды. Ал жергілікті билік ауылды көшірудің кешігу себептерін баяндады.