Батыс баспасөзі қытай диссиденті Пу Чжицянның соты, Қытайдағы ең ірі мұнай өңдеу компаниясы және мұнай бағасы соңғы 11 жылда ең төменгі деңгейден түсіп кеткенін талқылап жатыр.
Қарашаның 24-і күні Алматыдағы «Қазақконцерт» залында Қытайда Абай үйін ашу құрметіне арналған концерт өтті. Концертке Қытай консулы мен музыканттары және жергілікті опера әншілері қатысты.
Өзбекстандағы Чуст қаласында дәстүрлі пышақ соғып, тақия тігетін шеберлер өз ата кәсібі Қытайдан әкелінетін жасанды өнімдерден зиян шегіп отырғанына шағымданады.
Жапония премьері Синдзо Абэнің ОА-ға сапары аяқталды. Абэнің бұл сапарын «тарихи» деп атауға болады, себебі ол - ОА-ның бес елін тегіс аралап шыққан алғашқы жапон министрі.
Қытай коммунистік партиясының осы аптадағы айрықша шешімі әр отбасының екі бала өсіруіне рұқсат береді. Бірақ бұл үшін биліктен бәрібір ресми рұқсат сұрау керек болатын сыңайлы.
Қытай президенті Си Цзиньпиннің АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзі «Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюі Ресей мен Үндістанның мазасына тиді» деп жазады.
Әлемдегі мұнай бағасы арзандап, Ресей экономикасы шатқаяқтай бастағалы Орталық Азиядағы бес елдің де қиындықтарға тап болатыны білінген еді.
Батыс баспасөзінде Қытай экономикасы өсімінің баяулауына қатысты алаңдаушылық күшейіп, ел билігінің тиісті реформалар жүргізу қабілетіне қатысты күмән келтірген болжамдар басым.
Қытай ақшасының құнсыздануы басқа валюталарға тікелей әсер етеді. Азаттық тілшісі «Юань арзандай берсе, оның салдары қандай болуы мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрген еді.
Беларусьте екі жүзге жуық қытай мигранттарының наразылық танытуы постсоветтік елде жұмыс істеп жатқан олардың әлеуметтік жағдайы аса ауыр екенін аңғартты.
Ауғанстанның солтүстігінде соғыс қимылдарының жиілеп кетуі онымен көршілес Орталық Азия елдерін алаңдатып отыр.
Қытай мұсылмандары үшін тосын жаңалықтарға толы Рамазан айы да аяқталып келеді. Ресми биліктің Шыңжаңда ұйғырлардың ораза ұстауын шектеуі бұл мәселеге әлем назарын аудартты.
Тағы