Ресей парламенті мүшесінің Орталық Азия елдері азаматтарынан жасақталған «шетелдік легион» құру туралы бастамасын қазақстандық кейбір сарапшылар арандатушылық сипаты бар ұсыныс деп сынады.
Барак Обама Қытай, Мьянма және Австралиядағы үш бірдей саммитке қатысу арқылы Вашингтонның Азияға бет бұрғанын аңғартты.
Тәжікстаннан келген мигрант әйел үй қызметшісі болып жүрген жерінен қожайынның ұлын өзіне ғашық еткен. Ал үй иесі - Кремльдегі ықпалды адам әрі орыс ұлтшылы.
Еуропаның адам құқығы соты Украинаның Ресейге қарсы арызы бойынша үш істі қарап жатыр. Арыздың екеуі - Қырымға, біреуі - Донбастан Ресейге апарылған жетім балаларға қатысты.
Қазақстан бас прокуратурасы Азаттыққа «Русские» қозғалысының жетекшісі, Ресей азаматы Дмитрий Демушкиннің үстінен қылмыстық із қозғалмағанын айтты.
Ол «Біз беріспейміз!» дейді. Игорь Стрелков екі жарым ай бойы кепілде ұстаған журналист әйел Донбастағы майдан шебін де аралап қайтты.
Еурокомиссия басшылығы Еуроодақ сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілінің баспасөз хатшысы мен «Газпромның» белді лоббисінің некесі мүдделер қақтығысын тудырмайды деп санайды.
Ресей баспасөзі, расталмаған деректерге сүйеніп, Мәскеуде «автокөлік ұрлайтындар» ісімен ұсталған күдіктілердің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қатысы болуы мүмкін деп жазды.
Ресей Қытаймен шекарасында салып жатқан космодромды келесі жылы іске қоспақшы. Қызылорда облысы әкімі инфрақұрылымды дамытуға «жеткілікті ақша бөлмейді» деп Ресейді сынайды.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бас хатшысы Бордюжа «НАТО-мен диалог орнату ұмтылыстары тоқтайтынын» мәлімдеді. Ал сарапшылар «ҰҚШҰ-ға мүше Қазақстан Ресейдің жетегінде кетпеуі керек» дейді.
Бурятияда туған, билікке қарсы пікірлерін бүкпей айтатын әйел Санкт-Петербургтегі сұлулар сайысында көп дауыс жинады. Бірақ нәсілшілдер әлеуметтік желіде оны сынап, мұқатып жатыр.
Қазақстандық үш саясаткер Ресей газетінде Владимир Жириновскийге жазған хатын жариялады. Олар қазақ мемлекеттілігі туралы тақырыпқа қатысты комментарий берген.
Тағы