Мұнай бағасының құлдырауы мен Батыс санкциялары салдарынан Ресей рублінің құнсыздануы қазақстандық тауар өндірушілерге кері әсерін тигізді.
Ресейдің Украинаға қатысты саясатынан соң Мәскеу мен Минск арасы салқын тартты. Енді Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуды көздей ме?
Грекиядағы сайлауда солшылдардың СИРИЗА коалициясының жеңіске жетуі Еуропа қаржы нарығында дүрбелең тудырды. «Бұл оқиға ЕО сыртқы саясатына өзгеріс әкеледі» деп болжайтындар да бар.
Қаңғыбас иттермен күресетіндер бүкіл Ресей аумағында кезбе иттерді жаппай улауға кірісті. Жануарлар құқығын қорғаушылар бұдан асыранды иттердің де жапа шегіп жатқанын айтады.
Украинаның теңіз жағалауындағы Мариуполь қаласына шабуыл жасаған ресейшіл сепаратистер Киев билігіне қарсы стратегиялық және символикалық тұрғыда соққы бергісі келеді.
Қазақстандық кәсіпкерлер Батыстың Ресейге салған санкциясы мен Кремльдің оған қарсы қарымта тыйымының кесірі өздеріне де тиіп жатқанын айтады.
Совет Одағында туып, 21 жылдан бері АҚШ-тың Бостон қаласында тұрып жатқан биофизик Максим Франк-Каменецкий жақында Ресейге келіп, төрт ай аялдады. Елдегі ахуалдан шошыған ол ресейліктерге ашық хат жазды.
75 жастағы Владимир Ионов Мәскеуде өтетін Кремль саясатына қарсы наразылық шараларына жиі қатысады. Енді ол осы әрекеті үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ресей мәдениет министрінің Украинадағы оқиғаларға қатысты саясатымен келіспеген осы мекеменің алқа мүшесі ашық хат жазып жұмыстан кетті.
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Армения енген Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт іске қосылды. Батыс сарапшылары «Совет одағы сияқты бірлестікке ұқсайтын сауда одағының болашағы жоқ» дейді.
Арменияда наразылар «бір үйдің алты адамын өлтірген» ресейлік солдатты армян сотына тапсыруды талап етіп жатыр. Оқиғаның Ереван мен Мәскеу қарым-қатынасына сынақ болатын түрі бар.
Ресейде тергеу изоляторында бір айдан бері аштық жариялап жатқан Украинаның әскери ұшқышы Надежда Савченко «босатпаса, өлімге дайын» екенін мәлімдеді.
Тағы