Шешенстан терроршылардың туыстарын да қуғындау тәжірибесін заңдастырғысы келеді.
Зерттеуші Александр Гариннің «ақымақтыққа салыну, 19-ғасыр, жолы болғыш басшы, педагогикалық процесс» туралы ойларын оқыңыз.
Қаңтардың 9-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Осыған орай саясаттанушы Расул Жұмалы Астананың Украина дағдарысын реттеудегі рөлі жайлы ойларын айтты.
Биыл Еуропа Одағы құрамындағы екі елде сайлау өтеді. Ресейге санкция салу шешімі де одақ мүшелерін екіге жарып тұр. Дәл осы мәселелер Еуроодақтағы ауызбірлікті сын тезіне салмақ.
Ресейде тұратын Қадыл және Әділ Сапаровтар жекпе-жек өнерінен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы болған спорт шеберлері. Екеуі де қазір жаттықтырушылық қызметте.
Германия мен Франция басшылары Астанадағы Украинаға қатысты саммит Минск келісімі орындалатындай болса ғана қатысатынын ескертті.
«Оскар» жүлдесіне Ресей ұсынған фильмде ешкіммен санаспайтын дөрекі билікке қарсы шыққан адамның дәрменсіз күресі бейнеленген. Көптеген бақылаушыларға бұл тың жаңалық болды.
Саясаттанушы Глеб Павловский Ресейдегі 2014 жылғы оқиғаларды «стратегиялық дағдарыс», «басқару қабілетін жоғалту» деп бағалайды. Кезінде Кремль әкімшілігіне қызмет еткен сарапшы енді оның әрекетін сынайды.
Украина дағдарысы Ресейдің Батыспен қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Бұл теке-тіресте жеңілген жағдайда Ресейдің 2015 жылы зор шығынға ұшырауы мүмкін.
Азаттық 30 желтоқсанда журналист Қасым Аманжолұлымен жыл оқиғалары жөнінде онлайн-конференция өткізді.
«Қырым ісі» бойынша айыпталған Геннадий Афанасьев жеті жылға сотталды, Олег Сенцов үкімді күтіп, қамауда отыр.
Қазір - әлемдегі саяси-экономикалық жағдайдың 2015 жылы қандай болатынын болжайтын сәт. Батыс сарапшылары АҚШ-та экономикалық жағдай жақсарып, Ресей экономикасы тоқырайды дейді.
Тағы