Украина үкіметі советтік символдардан құтылуды көздейтін заңды тезірек орындағысы келеді. Днепропетровск қаласында «коммунистік мұрадан» арылудың күрделі процесі басталды.
Қастандықтан қаза тапқан саясаткер Борис Немцовтың қызы Жанна Ресей мемлекеттік арналарының насихатын нацистік Германия мен геноцид тұсындағы Руанда үгітіне теңеді.
Орталық Азияға (ОА) ықпалы жыл санап артып келе жатқан Қытайдың аймақтағы дәстүрлі «ойыншыларды» да ығыстыра бастағаны байқалады.
Киевтегі режиссер Сергей Маслобойщиков 10 жылда Майдан жайлы екі фильмді қалай түсіргенін әңгімелейді.
Ресейдің оңтүстігіндегі Дондағы Ростов қаласы журналистері Украина шығысында соғысып, жараланған сепаратистерді емдейтін жасырын аурухананы тапқандарын айтады. Бұл ақпар «сепаратистер Ростов облысында емделеді» деген лақапты расқа шығарады.
Чехословакиядағы 1968 жылғы оқиға жайлы жаңа ресейлік фильм «Кремль идеологиясын енгізіп, өзінің қитұрқы әрекеттері мен саясатын ақтау үшін тарихи фактілерді бұрмалап отыр» деген айыптауларға ұласты.
Сарапшылар әлемдегі ең ірі ғарыш айлағын халықаралық ғарыш орталығына айналдыру мәселесі Қазақстанның кешенді бірлесіп пайдалануға қатысты қадамдарына тәуелді екенін айтады.
Жуырда Украинадағы гастролінен оралған грузин артисі Вахтанг Кикабидзе "Ресейден қалған көңілі мен «Мимино» фильмі туралы сұхбат берді.
Санкт-Петербургтегі «Интернет-зерттеулер» компаниясының бұрынғы қызметкері Людмила Савчук мекеменің үстінен сотқа шағымданған.
Ресей билігі бір кездері Владимир Ленин тұрған, университет студенті атанып, оқудан да шығарылған Қазан қаласына Қытайдан келетін туристер санын көбейткісі келеді.
Осетин тілін сақтап қалуға тырысып жатқандардың еңбегі еш кетуі мүмкін. Бұл тілдегі екі диалектіге де толық жойылып кету қаупі төніп тұр.
Қырғызстан 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын атап өтпек. Қазақ тарихшысы Ресей әскерінің көтерілісті басып-жаншуы ортақ трагедия болғанын, оқиғаны Қазақстанда да атап өту жөн екенін айтады.
Тағы