Ресей Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі өрттен қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Елде наурыздың 29-ына дейін қаралы күн жарияланған.
Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" cауда-ойын сауық орталығында болған өрттен кем дегенде 64 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.
"Мемориал" халықаралық қоғамы басқармасының жаңа төрағасы Ян Рачинский қазіргі қуғын-сүргін туралы ғана айтпай, өткеннің оқиғаларына да назар аудару қажет деп біледі. Ол СССР кезінде қудалауға ұшырағандардың қазіргі ұрпақтары ата-әжелерінің тағдыры жайлы білуге ынталы екенін айтады.
Волоколомскіде "Ядрово" қоқыс полигонындағы улы заттардың ауаға тарап, балаларды улағанына жаппай наразылық танытқан халық күресінге баратын жолды жауып, жүк көліктерін өткізбей қойды. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.
Ресей президенті Владимир Путин тағы да алты жыл ел басқармақ. ОСК бюллетеньдердің басым көбін санап болған соң нәтижесін хабарлады, Путин бәсекелестерінен бірнеше есе артық дауыс жинаған.
Ресей сайлаушылары наурыздың 18-і күні дауыс беріп жатқан ел президенті сайлауы бұған дейін осы қызметте үш мерзім отырған "негізгі кандидаттың" кезекті жеңісімен аяқталатынына ешкім күмән келтірмейді.
Британияда ресейлік экс-агент Сергей Скрипальды улағанын жазған батыс баспасөзіндегі пікірлерде бұған Ресейдің қатысы бар деген болжам көп болғанымен "басқадай болуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайтынын" ескерткен. Сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" үлесін Shell компаниясына сатуы мүмкін екенін жазған.
Жұмада Қазақстан сыртқы істер министрлігі «шетелдіктерге визасыз режим енгізу – әрбір тәуелсіз елдің құқығы» екенін мәлімдеді. Кеше Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «АҚШ азаматтары үшін Қазақстанға визасыз режим мәселесі келісуді қажет еді» деген.
Ресейдегі президент сайлауы қарсаңында барлық кандидатқа теңдік берілгендей көрінгенімен, олардың арасында бір кандидатқа ерекше басымдық беріліп жатқаны аңғарылады.
Алтай аймағындағы шалқан халқы соңғы кезде өз ұлтын құжатқа жаздырта бастады. Алтайлықтар құрамынан аз ұлттар тобына өткен шалқандарға сол үшін сотқа шағым түсіру керек болады.
Болгария вице-премьері Валерий Симеонов Мәскеу мен күллі Русь патриархын "КГБ агенті" және "Ресейдің темекі митрополиті" деп атады. Болгария ұлттық телеарнасы эфирінде Симеонов орыс патриархы туралы: "Шіркеу қажеті үшін 14 миллиард доллардың акцизсіз темекісі мен төрт миллиард доллардың шарабын әкелген. Оның жеке меншік ұшағы да бар. Ал қолындағы сағаты 30 мың доллар тұрады. Бұл православие дінбасы емес. Бұл – агент Михайлов, советтік КГБ-ның екінші қатарлы агенті" деп мәлімдеген.
Санкт-Петербургтегі Тау-кен университеті ректорының қызы Ольга Литвиненко 1997 жылы әкесінің Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің ғылыми диссертациясын "жазып бергенін көзімен көргенін" айтады. Кремль өкілі "олай болмаған" дейді.
Тағы