Былтыр қарашада татар тілін міндетті түрде оқыту туралы дауға нүкте қойылды. Татарстан мемлекеттік кеңесі республикалық білім министрлігі федералдық Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жоспарын пайдалансын деп дауыс берді, солайша татар тілін міндеттеп оқытудан бас тартты.
Ресейдің Томскі қаласында хабар таратып, 2015 жылы жабылып қалған ТВ-2 телекомпаниясы туралы деректі фильм жарыққа шықты. Онда арнаның жабылуына биліктің себепші болғаны айтылады.
Новосибирск қалалық мэриясы Сталин ескерткішіне орын таңдауды ұсынды.
Кеше Ресейде, сондай-ақ бірнеше мемлекеттің астанасында (Варшава, Вашингтон, Прага мен Лондон) «Есімдердің оралуы» акциясы өтті.
Санкт-Петербургтегі қазақтардың "Атамекен" ұйымын 30 жылдай басқарып келе жатқан ақсақал Азаттыққа диаспораның өмірі мен Қазақстанға кеткен үш баласы туралы әңгімелеп берді.
Ресей аннексия жасап алған Қырымда теракт әзірледі деген айыппен 20 жылға сотталған украиналық режиссер Олег Сенцов "Ой еркіндігі үшін" берілетін Сахаров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Жаттығу орталығында көз жұмған солдат Артем Пахотиннің ата-анасы Артемнің "өз-өзіне қол жұмсағанына" сенбейді. Олар ұлдарының қазасын өздігімен зерттеп көрген.
СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "АҚШ-тың Орта және жақын қашықтық зымырандарын қысқарту келісім-шартынан (ОЖҚЗ) шығуға тырысуы – қателік" деп мәлімдеді.
Халықаралық "Агора" тобының сарапшылары Ресей билігі өзгерістен қорқады деп санайды.
Ахмат Қадыров атындағы қайырымдылық қоры игі істерімен көзге түскенді ұнатады: Шешенстан басшысының шамасы жетпей жатқан жерде анасы, қор төрайымы Аймани Қадырова көмекке келеді.
Ресейдің конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин Ресей конституциясын реформалау мүмкіндігі туралы мақала жазды.
АҚШ пен Ресей арасындағы ғарышты игеру бойынша көп жылға созылған бәсекелестік біресе өршіп, біресе бәсеңсіп тұрса да, Байқоңырға еш ықпал етпеді.
Тағы