Мәскеу соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальный құрған "Жемқорлықпен күрес қоры" (ФБК) мен Навальный штабтарын "экстремистік ұйым" деп таныды. Соған қарамастан саяси топ белсенділері биліктегі жемқорлықты әшкерелеуін жалғастыра беретінін айтады.
ДДСҰ дерегінше, Covid-19 жұқтырып ауырған әр оныншы адамда коронавирус инфекциясының салдары дерттен айыққаннан кейін де білінеді. Жүздеген мың адам тез шаршайтын күйге түсіп, иіс пен дәмді басқаша сезеді. Осындай және басқа белгілер тіпті аурудан бірнеше ай өткеннен кейін де байқалады.
Ресей парламентінің төменгі палатасы – мемлекеттік дума үкіметтің жергілікті аз ұлттардың тіл нормаларын реттеуіне рұқсат беретін даулы заң жобасын мақұлдады. Елдегі аз ұлттардың тілін оқытатын мұғалімдер мен лингвистер бұл тілді сақтаудың орнына оның жойылуын түседі деп қауіп етеді.
Андрей Дмитриевич Сахаров – 20-ғасырда адам құқықтары үшін күресіп, Совет одағының тоталитар режиміне ашық қарсылық танытқаны үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алған көрнекті тұлға. Биыл диссиденттің туғанына 100 жыл толды. Азаттық Сахаров архиві мен өзге де дереккөзден алынған суреттерді ұсынады.
Қазақтар – Ресейде Еділдің төменгі жағын мекендейтін ең ірі этникалық азшылық. 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында тұратын 150 мыңға жуық адам ұлтын қазақ деп көрсеткен. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Тодар Бактемирдің қазақ тілі туралы мақаласын ұсынамыз.
Ресейдегі коронавирус жайлы ресми деректің шындығына күмән келтірген соң мемлекеттік статистика агенттігінен жұмыстан босатылған демограф Алексей Ракша шенеуніктер әлі күнге "өтірікті шындай етіп көрсетеді" дейді. Ол билікті саяси мақсатқа бола халықтың басын қатерге тігіп отыр деп айыптайды.
Ресейде сәуірден бастап күшіне енген жаңа ереже мигрант баланы мектепке қабылдау процесін бұрынғыдан да қиындатуы мүмкін дейді сарапшылар.
Тағы