"Мемориал" халықаралық тарихи-ағартушылық қоғамы мен құқық қорғау орталығының жабылуы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Биыл Ресей президенті Владимир Путиннің үкіметі өзгеше ойлайтындарды, тәуелсіз журналистер мен қоғам белсенділерін қудалаумен болды.
Ресей АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдігі талаптарын ұсынып, әлем назарын аударды. Ал президент Владимир Путин жылда өтетін баспасөз мәслихатында Кремльдің Батыспен болатын келіссөздердің нәтижелі болғанын қалайтынын анық байқатты.
Ресейдің мемлекеттік телеарналары шекарада ондаған мың әскер жинаған Мәскеу Украинаға соғыс ашуы мүмкін деген қауіпті күшейтті. Сарапшылар шенеуніктер ұрандатып жатқанымен, халықтың көбі соғыс болғанын қаламайды дейді.
Ресейдегі қамау орындарында тұтқындарды азаптау сәті түсірілген жантүршіктіретін түрлі видеолдарды жариялап жүрген Gulagu.net құқық қорғау жобасының авторы Владимир Осечкин Азаттыққа берген сұхбатында мұндай азаптау Қазақстанда да бар деп санайды.
Бес жыл бұрын осы айда "Мемориал" адам құқықтарын қорғау ұйымының Карелиядағы бөлім басшысы Юрий Дмитриев қамауға алынды. Сталин террорын әшкерелеген тарихшы "Север.Реалии" тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
АҚШ халықаралық электронды төлем жүйесінен Ресейді ажырату мәселесін қарастырып жатқаны хабарланды. Кейбірі мұны "ядролық күреске" теңеп жүр. Азаттық радиосы SWIFT жүйесін, одан ажыраудың Ресей экономикасына әсерін зерттеп көрді.
Ресейде кейінгі бір жылда 2,4 млн адам өлген. Демограф мұның 1945 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш екенін айтады. Өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы қараша аралығында орташа өлім көрсеткішінен 620 мыңға көп адам көз жұмған.
2020 жылғы маусымда Ресей соты қазақстандық Виктор Филинковты лаңкестік қауымдастыққа қатысы бар деп тауып, жеті жылға бостандығынан айырған. Сот Филинков жазасын жалпы режимдегі колонияда өтесін деп үкім шығарғанымен, ол қазір қатаң режимдегі түрмеде жатыр. Мұның сыры неде?
Коронавирус пандемиясы кезінде Пекин қатаң шектеу енгізіп, Қытайдан жүк таситын қырғызстандықтар табыстан қағылды. Енді олар Бішкек ұсынған жаңа ереже жағдайды одан сайын қиындатады деп алаңдайды.
Тағы