Бразилиядағы әйгілі «Атлетико Минейро» клубында Алматы облысы Көксу ауданы Бақтыбай ауылынан барған 17 жастағы Рауан Сариев футбол ойнап жүр.
Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов бес күннің ішінде өкіметке 40 мың АҚШ долларын төлемесе, қайта қамауға алынуы мүмкін.
Қырғызстанда президенттік сайлауға қатыспақ болған этникалық қазақ, Жасылдар партиясының жетекшісі Еркін Бөлекбаев мемлекеттік тіл сынағынан өте алмады.
Қырғызстанда президент сайлауына түсуге өтініш білдірген үміткерлер қыркүйектің 8-інен бастап мемлекеттік тілден емтихан тапсыра бастады. Этникалық қазақ, Жасылдар партиясының лидері Еркін Бөлекбаев бұл сынақтан өте алмады.
Париж тұрғыны Абдулсамет Алтай - белгілі теолог Халифа Алтайдың ұрпағы. Ол Францияға 1971 жылдары Түркиядан барған қазақтардың бірі. Азаттық радиосына берген сұқбатында ол балаларға ана тілін үйрете алмасақ та, діни құндылықтарды сіңіруге тырыстық дейді.
Норвегияда тұратын қазақ «өткен жұма күні осы елде болған қанды қырғынға халық наразы болып отыр» дейді.
Ақын, әнші әрі сазгер Ермұрат Зейіпхан cейсенбі күні Қытайдың Үрімжі қаласында өмірден озды. Әншінің атажұртына оралғанына биыл тура жиырма жыл толыпты.
Алтын Прагадағы «Олшанка» зираты. Бұл қорымда АҚШ, Франция, бұрынғы Чехославакияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан боздақтары мәңгілік ұйқыда жатыр. Мәжит батырдың басында құран оқып отырмыз...
Ашғабат соты Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесіновтің кассациялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Ол тоғыз жылға шартты түрде жазаға кесілген болып шықты.
Оралмандардың әуелгі легі тарихи отанына 20 шақты жыл бұрын көшіп келді. Солардың бірі Сағат Заханқызы Астанада төртінші құрылтай өтіп жатқан тұста репатрианттардың көптеген мәселелері шешілмеген күйі қалғанын айтады.
Германияның Валдбрун аймағында өткен қымыз фестивалінде саумалдан жасалған косметикалық өнімдер, дәрумен және балаларға арналған тағамдар сатылды. Германия, 15 мамыр 2011 жыл.
Польшаның Познань қаласында қазақ тілінен сабақ беретін Гүлайхан Ақтай қазақстандық шенеуніктердің орысша сөйлегенін көрген шәкірттерінің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы бәсеңдеп қалғанын айтады.
Тағы