«Діни экстремизммен күрес» науқаны имамдарға интернет технологиялар бойынша тренинг өткізуге ұласты. Мамандар жаңа медианы игеруде имамдарға құлшыныс жетпейтінін айтады.
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында және Кеңгір ауылында тұратын он шақты ата-ана Азаттық тілшісіне шетке кетіп оралмаған балаларының жайын айтып алаң білдірді. Тілші «Сириядан тірі оралғандардың» да туыстарымен кездесті.
БАӘ-де тұтқындалды деп хабарланған қазақстандықтардың туыстары олардың қамауда отырғанын растады. Ал СІМ «Дубайға жіберген ресми сұрауға әлі жауап келмегенін» айтады.
«Сириядағы ондаған қазақстандық жиһадшы» туралы видеода тұлғасы танылған адамдардың туыстары БАҚ-пен сөйлесуге құлықсыз. Азаттық видеодағы балалары танылған жігіттің әкесімен сұхбаттасты.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларға» қатысты тексеріс басталғанын, оларды елге қайтару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғындары «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы шулы видеодағы адамдар арасынан жерлестері Аманжол Жансеңгіровті таныды.
Сенатта қаралып жатқан «еңбек көші-қоны» туралы заң бойынша оралмандар квотасы жойылып, оларға тұрғын үй мен шаруашылық жер учаскелері және оңайлатылған несие берілуі мүмкін.
Қазақстан шетелде тұратын этникалық қазақтарға бір жылда бірнеше мәрте кіріп-шығуға болатын бір реттік виза бере бастады.
Азаттықпен сөйлескен Ташкенттегі аудан әкімшілігі «қазақ ауылы бұзылып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар үйі бұзылған адамдарға баспана ақысы мен жер берілгенін айтты.
Бостонда айыпталған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов сот алдында айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сот тыңдауына қатысқан Азаттық тілшісі хабарлады.
Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа Бостон жарылысына қатысты тергеуге кедергі келтірді деген ресми айып тағылды. Азаттыққа сұхбат берген Тәжаяқовтың адвокаты "оның ақталуға мүмкіндігі бар" дейді.
Қазақстан мен АҚШ медицина, биотехнология, инновация саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті. Азаттыққа сұхбат берген АҚШ профессоры Архат Әбжанов екі елдегі ғылымның дамуы туралы айтты.
Тағы