Иран қазақтары авторын ұмытса да, Совет үкіметі орнаған соң Қазақстаннан ауған адамның «Елге сәлем» әнін әлі айтады. Ол елде қазақ әні үйлену тойында ғана шырқалады.
Қазанның басында Моңғолияда өткен бүркітшілер сайысында бас жүлде алған, Батыста танымал бола бастаған 13 жасар Айшолпан Азаттыққа бүркіт баптауы туралы айтып берді.
Астанада өткен шетел қазақтарының халықаралық өнер фестивалінде бас жүлде алған германиялық қазақ суретші Азаттыққа өз тағдыры мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп берді.
Отызға жуық күйі Қытай қазақтарының ішінде кеңінен тараған күйшінің әлі бір де бір күйі нотаға түспеген. Насихатты ұнатпайтын өнер иесі мал бағып, тауда оңашалануды әдет қылған.
Google Translate аударма жүйесі қазақша мәтінді де тәржімелейтін күн жақын. Бірақ сынақ кезінде ерікті ретінде аударма сапасын жақсартуға ат салысушылар саны соншалықты көп емес.
Қытайдың Алтай аймағында өткен мал және егін шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті кәсіпкерлер қазақ шайының 56 түрін дайындап, Гиннесс рекордтар кітабына енгізгені хабарланды.
АҚШ-қа қоныс аударғалы кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен қазақ боксшысы Қанат Ислам Азаттық радиосына сұхбат берді.
Жезқазғандық кенші бір жылға жуық уақыт әуелі Сириядағы, кейін Ирактағы соғыс қимылдарына қатысып жүрген ұлына жолығып, «жиһадшылардың» тұрмысын көріп қайтқанын айтады.
ДҚҚ басшылығы соңғы уақытта шеттегі қазақ диаспораларымен мәдени-әлеуметтік байланыс орнатуға қатысты айтылып жүрген сыни пікірлерге қатысты Азаттыққа сұхбат берді.
Моңғолиядағы қазақ диаспорасының белгілі өкілі жазда Стамбулда ДҚҚ мен жергілікті түркиялық қазақтар екі бөлек өткізген даулы кіші құрылтайдың себептері туралы сұхбат берді.
АҚШ-та терактіге байланысты істі болған Диас Қадырбаев айыбын мойындап, тергеуге болысуға келісті. Прокурорлар енді оның жазасы біршама жеңілдеуі мүмкін дейді.
Шыңжаңдық қазақтар Қазақстан визасы тым ұзақ рәсімделеді, жаз айларында кезек күрт көбейеді деп шағымданады. Ал сыртқы істер министрлігі «қажетті шаралар атқарып жатқанын» айтады.
Тағы