АҚШ-тағы қазақ боксшысы Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі он сегізінші кездесуінде де жеңіске жетті. Проумоутері бұл жекпе-жектің Қанат Исламға қиын болмағанын айтады.
Түркиядан Израильге барған қазақстандық турист қақтығыс кесірінен Иерусалимнен шыға алмағанын хабарлады. Ал Тель-Авивте жүрген маман іссапар мерзімі біткен соң ғана Қазақстанға қайтарын айтады.
Ақпарат құралдары Бостондағы округтік сот алқасы былтырғы марафондағы жарылыстарға қатысты күдікті деп тапқан қазақстандық Азамат Тәжаяқовтың соты жайлы жазды.
Бостонда сотқа тартылған Азамат Тәжаяқовтың жақындары оның айыпты екеніне иланбайды. Тәжаяқовқа жаны ашыса да, АҚШ сотының әділдігіне сенетін жастар да бар.
Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеру ісінде күдікті болған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов шілденің 21-і күнгі сотта терактіні тексеруге кедергі келтірген деп танылды.
Интернетте өздерін «Сирияда соғысып жүрген жиһадшылармыз» деп таныстырған қазақтар туралы видео жарияланды. Видеода олардың кейбірі «шахид» болғаны жазылып, суреттері берілген.
Бостондағы терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттің ісі бойынша тараптар жарыссөздері басталған күні сотқа жарылыста жараланғандардың туыстары да қатысты.
Бостон марафоны кезіндегі терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сотта үзіліс жарияланды. Бұдан соң тараптар жарыссөзге көшеді.
Сирия мен Ирактағы исламшылдар соғысына Орталық Азиядан баратын азамат көп. Олардың дені соғыс аймағына Ресей және Түркия арқылы өтеді. Орталық Азия елдері бұған қатты алаңдайды.
Қазақстан туризм саласын дамытуға миллиардтаған доллар ақша құйып жатыр. Бірақ туристердің сүйікті мекеніне айналу үшін әлі талай шаруа атқару керек.
Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеруді адастырмақ болды деп айыпталған Қазақстан азаматына байланысты бірінші сот отырысында оның қорғаушылары мен айыптаушылары сөйлейді.
Үлкен шлем жарыстарының 1/8 финалына шыққан алғашқы қазақ теннисшісі биылғы Уимблдон турнирінде ерекше көзге түсті. Азаттық жас спортшы қыз туралы ақпарат ұсынады.
Тағы