Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырды деген айыппен сотталған Джохар Царнаевтың досы, қазақстандық Азамат Тәжаяқов 3 жыл 6 айға түрме жазасына кесілді.
Моңғолия мұсылмандарының бас мүфтиі Өсерхан Мұхай елде радикалды көзқарастың тарамауын жетістік ретінде атады.
Абай шығармаларын парсы тіліне аударған, Иранда тұратын этникалық қазақ Қажы Мұхаммед Шадком Азаттыққа сұхбатында жергілікті қазақтардың мәдениеті жайында айтты.
Бокстан Атланта олимпиадасының қола жүлдегері Болат Ниязымбетов бір айдан бері Ирак бокс құрамасын жаттықтырып жүр. Ол Азаттыққа Ирактағы қызметі және алғашқы әсерлері туралы айтты.
Қытайдан Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданына қоныс аударған жас палуан Қайрат Тұрсынжанұлы «Болашақта Қазақстан атынан әлемдік додаларға қатыссам» деп армандайды.
Қазақстан құрамасына енбей қалған спортшылар басқа елдердің азаматы атанып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алуға қамданып жүр.
Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ Қамбар Піскентбаев ол елдегі қазақ мектептері жабылып жатқанын айтады.
Ресейде тұратын ұлты қазақ белгілі архитектор Тотан Күзембаев «Астана ұлттық колоритінен айырылған, қала салу кезінде климаттық ерекшеліктер ескерілмейді» дейді.
Қытайдың Алтай аймағында тұратын этникалық қазақ Аршын Намазбекұлы мультфильм кейіпкерлерінің бейнесін ең көп сызған суретші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Наурыз мейрамын шетелдерде тұратын қазақтар да атап өтіп жатыр. Азаттық тілшісі олардың осы мерекені қалай тойлайтынын білген еді.
Польшада президент сайлауына түсуге өтініш беру мерзімі аяқталды. Кандидат болуға өтініш түсіргендер арасында Қазақстанда туған қазақ әйел Балли Мажец те бар.
1980 жылдары еркін күрестен Қытайдың бірнеше мәрте чемпионы атанып, аты аңызға айналған алтайлық қазақ балуан Солтікен Көкішұлы зейнет жасына таяй бере поэзияға ден қойған.
Тағы