Қазақстанда туған Динара Әлімбекова Беларусь жастар құрамасы сапында биатлоннан жастар әлем чемпионатында алтын алды. Ол Қазақстаннан қалай көшкенін және ендігі жоспарларын айтты.
Азаттық Омбыдағы «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісовамен онлайн-конференция өткізді.
Шыңжаңдағы қазақ тілінде жарық көрген жаңа газет «мемлекет саясатын қолдаумен қатар ұлт тарихын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткенін» айтады.
Түркияда тұратын этникалық қазақ Баһадүр Хакім – он шақты фильмге түскен актер. Көбінесе Шығыс Азия халықтарының өкілі болып ойнайтын жігіт «қазақтың атын әлемге кино арқылы танытсам» дейді.
Мамандар қазақтың ат спорты мен ұлттық медицинасының Қытайдағы материалдық емес мұралар тізіміне енуі ол мұралардың дамуына сеп боларын айтады.
Былтыр АҚШ-та пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын алған Моңғолия қазағы Сейфолла Тілеубердіұлы атағын қорғау үшін биылғы әлем біріншілігіне дайындалып жатыр.
Қытайда қазақ ақыны Абай туралы 3D форматындағы 104 сериялы анимациялық фильм түсіруге кірісті. Фильм иесі «туынды қазақ мәдениетін түсінуге сеп боларын» айтады.
Ресейде тұратын Қадыл және Әділ Сапаровтар жекпе-жек өнерінен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы болған спорт шеберлері. Екеуі де қазір жаттықтырушылық қызметте.
Қазақстанға шетелден қоныс аударушы этникалық қазақтар азайып кеткен. Көші-қон комитетінің өкілі «мұның басты себебі заңдағы өзгерістерде» деп біледі.
СССР 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға әскер кіргізуге шешім қабылдады. Совет Одағы қолдауымен «дұшмандарға» қарсы соғысқан үкімет әскері қатарында жергілікті қазақтар да болған.
1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматыда болған жастар толқуын сол тұста шетелде өмір сүрген қазақтар әртүрлі қабылдағанын айтады.
Моңғолиялық қазақ, Үндістанда өткен жарыста бодибилдингтен әлем чемпионы атанған Нұрлан Жүнісұлы Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
Тағы