Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында президент Назарбаевқа шеттегі қандастарының жайын айтқан этникалық қазақ «үлкен кісі көп нәрсені жақсы ойлайды, бірақ төңірегіндегілердің ынтасы мен ықыласы жетпей қалатын шығар» деп жориды.
«Қауымдастықтың басына зейнеткерлер емес жастар келуі керек» дейді кей пікір иелері. Ал бұл ұйымның басшылығы «көпшілік қауымдастықтың міндетін министрліктердің міндетімен шатастырады» деп кейиді.
Дүниежүзі қазақтары құрылтайында диаспора өкілдерінің бірі Қытай қазақтарының қысымға алынғанын көтерді. Жиында қауымдастық төрағасы қайта сайланып, оның бірінші орынбасары ауысты.
Бабалары 20-ғасырдың басында Қазақстаннан Қырғызстанға қоныс аударған Махаббат Темірбекова үлкен атасының «Алаш» партиясына мүше болғанын айтады. Ол Қазақстан архивтеріне кіріп, атасының тарихи отанындағы ғұмыр деректерін білгісі келеді.
Иранның Бендер-Түркімен қаласында бүгін өтіп жатқан жергілікті билік сайлауына екі этникалық қазақ түсіп жатыр. Ирандағы қазақтардың айтуынша, азшылық ұлт өкілдері ретінде қазақтардың тек жергілікті сайлауларға ғана қатысуға мүмкіндігі бар.
2017 жылы маусымның 22-сі мен 25-і аралығында Астанада дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтеді. Ұйымдастырушылардың жұмыс тобына үнемі мүше болып келе жатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері «төрт түрлі өзекті мәселе қозғаймыз» десе, сынаушылар «ұйымдастырушылардың шеттегі қазақтың көкейкесті мәселелерін ашық талқылаудан қашқақтайтынын» айтады.
Шыңжаңда ислам дінімен байланысы бар ондаған есімді балаға қоюға тыйым салды. Қытайдағы қазақтардың кейбірі «компартияның ат қою жайлы саясаты дұрыс» екенін, бірақ ол тыйымның «өздеріне қатысы жоғын» айтады.
Ресейдің Астрахань облысында экстремистердің полицияға жасаған шабуылына Қазақстанда туған үш адамның қатысы туралы болжам расталмады. Бірақ Қазақстанға да еніп кетіп жатқан радикалды идеялар бұл аймақта тез таралады.
Қазақстандық «Оралман» фильмі сәуірдің 24-і күні Тегеранда көрсетілді. Фильм ирандық көрермен назарына сәуірдің 21-і мен 28-і аралығында өтіп жатқан халықаралық «Фаджр» кинофестивалі аясында ұсынылған. «Оралманды» көруге Иран қазақтары да барған, солардың бірі Жаппарбай Шадком «шетте жүріп, өз тіліңде қазақ фильмін көру қандай рақат» дейді.
Қазақстанда туған Салтанат Бегулина Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрады. 5 жыл бұрын жұбайы Қайрат Баянбаевтың оқуына байланысты Петербургке қоныс аударған ол көшкенге дейін Қазақстандағы «Салтанат» ән-би ансамблінде, Тараздағы «Алатау» жастар ансамблінде эстрада әншісі болып қызмет еткен. Үш баланың анасы Салтанат Бегулина Петербург қазақтары жайлы әңгімелеп берді.
Моңғолияда тұратын этникалық қазақ азаматы ұлыстың ұлы күні үйіне ел президенті келетінін екі күн бұрын ғана естігенін айтады.
Тағы