Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп барған Айя Балтабек қазір Нью-Йоркте көші-қон мәселесі бойынша кеңесші болып істейді. Азаттыққа сұхбатында заңгер АҚШ-та қалып қою ниетімен қоныс аударатын қазақстандықтардың ол жаққа жақын-туыстарын да алдыруға талпынысы туралы айтып берді.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы "Настоящее время" сайтының тілшісі Екатерина Пономарева Ресейдің Челябинск аймағында тұратын Жамбыл Айтпаев туралы репортаж әзірледі. 42 жастағы кәсіпкер қазақты жергілікті тұрғындар "сүт королі" деп атайды.
Иран билігі елде бензиннің қымбаттауына наразылық күшейген тұста интернетті бұғаттап, ұялы байланысқа шектеу қойды. Иранда тұратын қазақтар "үлкен қалалардағы алаңдардың толық қоршауда тұрғанын, елде күзет қатайғанын" айтады.
"Қазақ-қытай шекарасын кесіп, бергі бетке өткен" Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын 14 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әкетті.
25 жыл бойы Финляндияда тұрып жатқан этникалық қазақ Әйкен Салонен биылғы мамыр айында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Алматыға арнайы келіп, наразылық жиынының ортасына бір-ақ түскен. Ол Азаттыққа көзіне оғаш көрінген жайттар туралы әңгімелеп берді.
Еуропада тұратын бір топ этникалық қазақ Қазақстанда митинг кезінде ұсталғандарды босатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.
Шетелде тұратын, сол жақта жұмыс істеп жүрген қазақтар Қазақстанда жаңадан сайланатын президент әділетті қоғам құрып, жемқорлық мәселесін шешсе дейді.
Швеция қазақтарының қоғамдық ұйымы 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. 1960-1970 жылдары Түркиядан жұмыс іздеп барған қазақтардың бүгінгі ұрпақтары Стокгольм, Вестерас жәге Гетеборг қалаларына қоныстанған.
Қытайда қамалған қазақтардың кейбірі елге оралып, бақылаушылар "тоңның жібігенін" айтады. Бірақ Шыңжаңға жуырда барып келген журналистің "күдігі басым". Қазақстан СІМ саяси қамау орындарын "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайды.
Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.
Алматылық Вячеслав Ким тарихи отанын жақынырақ тану және ақша табу мақсатымен бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Кореяға барған. Азаттыққа берген сұхбатында ол Оңтүстік Кореядағы қазақстандық мигранттардың тұрмыс-тіршілігі туралы айтты.
Англияның Шеффилд қаласында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Талғар Дәлелғазы Қазақстанның ондаған мың жасы жыл сайын АҚШ пен Еуропада білім алса, елдің дамуы жылдамдай түсер еді деп армандайды.
Тағы