Алматыда Жаңаөзендегі оқиғаға президент Назарбаевты айыптап, билік партиясына бармақ болған бірнеше адамды полиция ұстап әкетті.
Жаңаөзен қаласында шенеуніктер мен жұмыс берушіден құралған топтың ереуілші мұнайшылармен екі күнге созылған кездесуі нәтижесіз аяқталды.
«Өзенмұнайгаздың» ереуілші мұнайшылары сәрсенбіден бері мәмілеге келуден үміттеніп, Жаңаөзен қалалық әкімшілігі маңына топталып тұр. Оларға Ақтаудан «Қаражанбасмұнай», «Ерсай каспиан контрактордың» жұмысшылары да қосылды.
Бірнеше айдан бері мұнайшылар ереуілі тарқамай тұрған Маңғыстау облысында травматикалық тапаншамен кем дегенде үш рет шабуыл жасалды.
Қазанның 26-сы күні кешке Жаңаөзен қаласындағы ереуілші мұнайшылар белсендісі Естай Қарашаевқа қарсы оқ атылды.
«Исламның бір доктринасы – патшаға бағыну. Елбасы заңды қабылдады – енді орындалуы тиіс, бірақ «шаш ал десе бас алуға» жол бермеу керек» дейді Мақсұт Нәрікбаев.
Маңғыстаулық ереуілші мұнайшылар мен тәуелсіз кәсіподақ өкілдері Брюссельдегі Еуропа парламенті отырысына қатысып қайтты. Солардың бірі Мұхтар Үмбетовтен сапардың жай-жапсары туралы сұрап білген едік.
Өткен жексенбіде Жаңаөзен қаласындағы ереуілші мұнайшылар белсенділерінің біріне белгісіз біреу пневматикалық пистолеттен оқ атқан. Полиция тексеру амалдары жүріп жатқанын айтады.
«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» ереуілшілердің бұрынғы жұмысқа қайта алынбайтынын мәлімдеп отыр. Олар «Азат ЖСДП» саяси партиясы жариялаған өзара бітімгерлік туралы келіссөз бен 250 адамның кері жұмысқа алынатын жайлы ақпаратын да теріске шығарды.
Маңғыстаудағы төрт айдан асқан ереуіл елдегі бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ-та) әрқалай көрініс тауып отыр. Тәуелсіз басылымдар «ереуілшілерді жазамыз деп қуғынға ұшырадық» десе, мемлекеттік ақпарат құралдары «оқиға орнына барып мақала жазған жөн» дейді. Соңғыларын «оқиға орнына» «Қазмұнайгаздың» өзі апарып келгені белгілі болды.
Жексенбі күні түнде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының Жаңаөзенде ереуілдеп тұрған жұмысшыларының бірі өз-өзіне қол жұмсады. Полиция ол оқиғаның себебін анықтап жатқанын айтады.
Жаңаөзендік ереуілші мұнайшылар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевты құжаттарын көріп кетуге шақырып отыр.
Тағы