Маңғыстаудағы мұнайшылар белсенді заңгердің жазықсыз сотталғанына сенімді. Ереуілшілерді қолдайтынын айтқан тәуелсіз кәсіподақ жетекшісі демеу іздеп Еуропаға жол тартпақ.
Билік өкілдері жұмыссыз қалған мұнайшылардың «жұмыс табуына көмектесу керек» деп Маңғыстаудағы еңбек дауын шешуге қатысты екіұшты мәлімдеме жасады. Ал Қаражанбастағы мұнайшылар «нағыз ереуіл - алда» дейді.
Маңғыстау облысының көптеген елді мекендері сияқты мұнайшылар қаласы Жаңаөзен де жұмыссыздық пен жоқшылыққа батқан.
Мұнайшылардың басым бөлігі жаңа оқу жылының екінші аптасында балаларын оқуға жібере бастады.
Рэпер Тәкежан Өтеғалиев биыл алғашқы ән жинағын шығарды. Жуықта ереуілдеген мұнайшыларды қолдаған мәлімдемесі оған жұрт назарын аудартты.
Жаңаөзендегі өзге ереуілші мұнайшылармен бірге жұмыстан шығып қалған Мырзабай Ілесовтің бала-шағасы үш айдан бері қара нан, қара суға қарап отыр.
Жаңаөзен мен Ақтаудағы мұнайшылардың ереуілдеп жатқандарына төрт ай болды. Жұмыс берушілер ереуілшілер талабын орындаған жоқ. Еңбек дауы енді саяси сипат алып барады.
Қозғалыс мүшелері шабуылға мұнайшыларға құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп отырған «Халық майданының» қызметі түрткі болды деп санайды. Істі қарап жатқан полиция қозғалыс мүшелерін де тексеруге көшкен.
Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың балалары мектептен қалды. Облыстық білім департаменті сабаққа келмеген балалар санын анықтай алмаған. Ал Маңғыстау облысының әкімі жұмыстан шыққан мұнайшыларға жұмыс тауып беруге тағы бір уәде берді.
Мұнайшылардың отбасын қолдау үшін ашылған есепшоттың жабылғаны турасында хабарланса, сол есепшотқа қаржы құйғысы келген рэпердің Алматыда концерті өтпей қалды.
Ирландиялық Front Line құқық қорғау ұйымы жергілікті тұрғындардың өтінішімен Маңғыстаудағы ереуіл аймағын аралап жүр. Мексика, Испания, Палестина елдерінің жұмысшылар кәсіподағы мұнайшыларды қолдап, қазақ үкіметіне хат жолдады.
Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілінің жалғасып жатқанына төрт айдың жүзі болды. Ал Астана ләм-мим демеді. «Билік бұл жағдайға мән бермеген сайын, ереуіл саяси бағытқа көшіп жатыр» дейді сарапшылар.
Тағы