Алматы маңындағы қорықта тау шаңғысы курортын салудың тиімділігі туралы қызу пікірталас еуразиялық деңгейге шығып, халықаралық конференция өтетін күн белгіленді.
Германия елшілігі Астанада заманауи табиғи қуат көзін пайдалану жолдарына арналған көрме өткізді. Азаттық тілшісі көрмені қазақстандық эколог ғалыммен бірге тамашалап, сұхбат алды.
Осы апта заңгер Әнуар Түгел Байқоңыр қаласы маңын экологиялық апат аймағы деп санау жөнінде бастама көтерді. Адвокат Абзал Құспанның айтуынша, ұсыныстың іске асуы сол өңір халқына байланысты.
Ғалымдар апатты жағдайда тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етудің жаңа әрі қарапайым әдісін – бактерияны жоятын затты ойлап тапты.
Елеуғазы Нұрғалиев – Семей полигонындағы жер бетінде жасалған ядролық жарылыстың тірі қалған жалғыз куәгер. Азаттық тілшісі оның үйінде қонақта болды.
Эколог Нұрлан Өтеулиевті өлтірді деп айыпталған адам қылмысын мойындады. Қаза тапқан экологтың туыстары мен жақтастары бұл қылмысқа қатысты жайттар толық анықталғанына сенбейді.
Байқоңырда өткен зымыран апаты зардабын жою жөніндегі комиссия отырысында «Роскосмосқа» Қазақстан өкілдері бірнеше ескерту айтқан. Азаттық жиынға қатысқан Айдос Сарымнан сұхбат алды.
Компаниялар арасындағы келісім бұзылуы кесірінен екі апта бойы Жезқазған қаласының қоқысы тазартылмай қалды.
60 жыл бұрын, 1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонында алғаш рет сутегі бомбасы сыналды. «Жарылыстың әсерін тексеру үшін жас жігіттерді ауылға тастап кетті» дейді сол оқиғаны көрген адам.
«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу туралы жоба халықаралық деңгейде талқылана бастады. Алматы маңындағы табиғи аймақты қорғаушылар Орхус комитетіне шағымданды.
Нұрлан Өтеулиевтің өліміне айыпталған азаматтың сөзінше, «оқиға бизнеске байланысты жеке бас араздығынан туған». Марқұмның туыстарының ойынша, қылмыс тапсырыспен жасалуы да мүмкін.
31 шілдеде Байқоңырда зымыран апатынан бері тұңғыш рет вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен мемлекетттік комиссия отырысы өтті. Жиынға ресейлік «Роскосмос» өкілдері де қатысты.
Тағы