ҮЕҰ туралы даулы заң ережесімен келіспейтін атыраулық қоғамдық ұйым жабылатынын мәлімдеді. Билік оны «асығыстық жасады» деп санайды.
Азаматтық белсенділер бір ай бұрын құрылған қоғамдық кеңестерден түңіле бастады. Кей жайттарға жаңа құрылым басшыларының да көңілі толмайды, бірақ олар кеңестердің тиімділігіне сенеді.
Азаматтық белсенділер «Көкжайлау» шаңғы курортына жол салуға қарсы талап-арызды қараған сотта жеңілді. Құрылыс жұмысы уақытша тоқтаған, бірақ билік оның инфрақұрылымын салудан бас тартқан жоқ.
Биыл Верный (Алматының 1921 жылдың ақпанына дейінгі атауы) қаласында 47 жыл тұрған ғалым әрі орман маманы Эдуард Баумның туғанына 165 жыл толды. Қазір жойылып кету қаупі төнген ерекше экожүйе – тоғай оның есімімен аталады.
Түсініксіз дерттен талып құлап, жансақтау бөліміне түсе берген Березовка ауылы тұрғындарының алғашқы легі Ақсай қаласына көшірілді. Бірақ сырқат балаларды емдеу мәселесі әлі шешілмеген.
«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов «әлемдік деңгейдегі проблемалар Қазақстанда да жеткілікті, бірақ БҰҰ конференциясынан тұщымды нәтиже күтпеймін» дейді.
Францияда БҰҰ-ның Ғаламдық климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы басталды. Ондаған мемлекет басшысы Киото хаттамасын жаңартуды ойластырмақ.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы белсенділері таудағы орман жойылып барады дейді. Ауыл тұрғындары сөзінше, отын шабатындар ағашты түнделетіп тасиды, ал орманшылар қылмысқа «көз жұма қарайды».
Қоныс аудару қарсаңында тұрған Березовка тұрғындары проблемаларын айтты. Балалар жаппай уланған оқиғалардан кейінгі тұрғындардың жағдайы туралы фильм түсірілген.
Алматы билігі Көкжайлау шаңғы курорты жобасын қаржыландыру уақытша тоқтағанын айтады. Бірақ қорықта құрылыс әлі жүріп жатыр. Азаттық тілшісі оны көруге тауда мұз бен саз басып, 8 километр жүрді.
Алматы облысында мал жайылымы және ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы проблемасын бей-берекет шашылған күресіндердің көбейіп кетуімен байланыстырады.
Азаттықтың «Онлайн-талқысында» қоғамдық белсенді Жанұзақ Әкіммен әңгіме Қазақстанның экологиялық мәселелеріне арналды. Хабардың видеосын сәлден соң осы жерден көре аласыз.
Тағы