«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов «әлемдік деңгейдегі проблемалар Қазақстанда да жеткілікті, бірақ БҰҰ конференциясынан тұщымды нәтиже күтпеймін» дейді.
Францияда БҰҰ-ның Ғаламдық климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы басталды. Ондаған мемлекет басшысы Киото хаттамасын жаңартуды ойластырмақ.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы белсенділері таудағы орман жойылып барады дейді. Ауыл тұрғындары сөзінше, отын шабатындар ағашты түнделетіп тасиды, ал орманшылар қылмысқа «көз жұма қарайды».
Қоныс аудару қарсаңында тұрған Березовка тұрғындары проблемаларын айтты. Балалар жаппай уланған оқиғалардан кейінгі тұрғындардың жағдайы туралы фильм түсірілген.
Алматы билігі Көкжайлау шаңғы курорты жобасын қаржыландыру уақытша тоқтағанын айтады. Бірақ қорықта құрылыс әлі жүріп жатыр. Азаттық тілшісі оны көруге тауда мұз бен саз басып, 8 километр жүрді.
Алматы облысында мал жайылымы және ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы проблемасын бей-берекет шашылған күресіндердің көбейіп кетуімен байланыстырады.
Азаттықтың «Онлайн-талқысында» қоғамдық белсенді Жанұзақ Әкіммен әңгіме Қазақстанның экологиялық мәселелеріне арналды. Хабардың видеосын сәлден соң осы жерден көре аласыз.
Алматы облысы тұрғындары Талғар өзені арнасынан құмды заңсыз қазу әрекетіне алаңдайды. Ресми дерекке қарағанда, мұндай кәсіппен айналысу үшін бес компания ғана келісім-шарт жасасқан.
Алакөлде қатты жел тынбай соғатын кез таяды. Көл жағалауы белдеуін су шайып кетуі кесірінен ондаған үй су астында қалуы мүмкін. Билік үй қожайындарына баспанасын сақтандыруға кеңес береді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуының нақты себептері әлі анықталмағанын жазды.
Бұрынғы Семей полигоны аумағы маңында тұратын 81 жастағы Төлеуғазы Төлахметұлы Азаттықпен сұхбатында ядролық сынақ кезіндегі өз көрген-білгендерімен бөлісті.
Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.
Тағы