Алматы облысында мал жайылымы және ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы проблемасын бей-берекет шашылған күресіндердің көбейіп кетуімен байланыстырады.
Азаттықтың «Онлайн-талқысында» қоғамдық белсенді Жанұзақ Әкіммен әңгіме Қазақстанның экологиялық мәселелеріне арналды. Хабардың видеосын сәлден соң осы жерден көре аласыз.
Алматы облысы тұрғындары Талғар өзені арнасынан құмды заңсыз қазу әрекетіне алаңдайды. Ресми дерекке қарағанда, мұндай кәсіппен айналысу үшін бес компания ғана келісім-шарт жасасқан.
Алакөлде қатты жел тынбай соғатын кез таяды. Көл жағалауы белдеуін су шайып кетуі кесірінен ондаған үй су астында қалуы мүмкін. Билік үй қожайындарына баспанасын сақтандыруға кеңес береді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуының нақты себептері әлі анықталмағанын жазды.
Бұрынғы Семей полигоны аумағы маңында тұратын 81 жастағы Төлеуғазы Төлахметұлы Азаттықпен сұхбатында ядролық сынақ кезіндегі өз көрген-білгендерімен бөлісті.
Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.
Белсенділер «Қостанай облысында киік әлі де қырылып жатқанын» айтады. Ал ресми мекеме өкілдері «олар – бұған дейін өлген киіктер» екенін хабарлады.
Астанада жергілікті сарапшылар Қазақстанда салынатын «халықаралық ядролық отын банкі қауіпсіз» деп мәлімдейді.
Азаттық тілшілерінің Қостанай облысындағы жүз мыңдаған киік қырылған өңірден жасаған арнайы репортажы.
Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуы кезінде әдеби орта мен әлеуметтік желідегі шығармашыл қолданушылар ашуы мен қайғысын ән мен жыр түрінде жеткізіп жатты. Кейбір өлеңдерді жүздеген адам өз парақшаларында бөлісті.
Азаттық тілшілері Қостанай облысындағы Қабырға ауылы маңынан ересек бес киік пен бір лақтың өлексесін тапты. Жергілікті билік бұл маңдағы киік қырғыны тыйылғанын айтады.
Тағы