Варшавадағы ұлттық стадионда салтанатты шарамен ашылған Еуропа чемпионатының алғашқы ойынында алаң иелері - Польша құрамасы Грекиямен 1-1 есебімен тең түсті. Азаттықтың сарапшылар құрамасы матч туралы ойларын жеткізді.
УЕФА президенті Мишель Платини Еуро-турнирдің ашылу салтанаты өтетін Варшавадағы «Ұлттық стадионда» маусымның 5-і күні баспасөз мәслихатын өткізді.
Алматы қаласы спорт басқармасы қалада велосипед мінетіндердің саны жыл сайын артып келеді дейді. Ал автокөліктен гөрі велосипедтің көмегіне жүгінетіндердің айтуынша, қалада жалғыз веложол бар.
Маусымның 8-і күні Варшавадағы ұлттық стадионда өтетін Еуроның ашылу салтанатын 150 миллион адам теледидардан тамашаламақ. Еуро-2012 туралы қызықты статистикаға көз салыңыз.
Еуро-2012 футбол чемпионаты өтетін елдің бірі Украинадағы жүздеген қарапайым азамат чемпионатқа келетін қонақтарға «жағымсыз ақпараттарға қатысы жоқ нағыз Украинаны» көрсетуге дайындалып жүр.
Украина парламенті орыс тілінің ықпалын арттыратын заңды 5 маусымда бірінші оқылымда мақұлдады. Бұған наразылық танытып, парламент ғимараты маңына жиналған он мыңдаған адамға қарсы полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Киев, 5 маусым 2012 жыл.
Украина мен Польшада футболдан өтетін Еуропа чемионатына ұлттық құрамалар арнайы тігілген жаңа формалармен шығады.
Біржан Жақып – биылғы Лондон олимпиадасына қатысатын қазақстандық тоғыз боксшының бірі. Бүгінде Біржан команда мүшелерімен бірге Алматы шетіндегі ұлттық құрама базасында дайындалып жатыр. Бапкерлері оның «финалға шығатындай шамасы бар» дейді.
Испания мен Англия құрамаларының белді ойыншылары Лэмпард пен Фабрегас жарақаттанып қалды. Олардың енді чемпионатқа қатысуы екіталай. Ал букмекерлер Испания жеңеді деп бәс тіге бастады.
Биыл ашылу салтанаты 8 маусымда Варшавада (Польша) басталып, финалы 1 шілдеде Киевте (Украина) өтетін Еуропа чемпионаты ойындарында барлығы 12 төреші қызмет етеді.
Еуропа чемпионатына барлығы 368 ойыншы қатысады. Олардың ішіндегі бойы ең ұзыны – швециялық Андреас Исакссон, ал ең қысқасы – италиялық Себастьян Джовинко. Жасы ең үлкен футболшы – грек Костас Халкиас, кішісі – голландиялық Джетро Виллемс.
Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын 16 команданың 23 ойыншыдан тұратын құрамалары нақтыланды. Әр команданың бас бапкерлері сынақтан өтпегендерді тізімнен шығарып тастады.
Тағы