Донецк қаласындағы «Донбасс Аренада» өткен ойында Франция құрамасы Украина командасын 2:0 есебімен ұтып кетті. «Азаттықтың» сарапшылары «Франция бұл матчта еш қиындықсыз жеңіске жетті» дейді.
УЕФА Германия, Португалия және Ресей футбол федерацияларына қатысты шешім шығарды. Жанкүйерлер тәртіпсіздігіне байланысты Ресей 120 мың еуро, Германия 10 мың еуро, жарысқа кешіккен Португалия 5 мың еуро айыппұл төледі.
Футболдан Еуропа чемпионатының Гданьскіде өткен С тобындағы екінші тур кездесуінде Испания құрамасы Ирландияны ірі есеппен ұтты. Азаттықтың сарапшылары бұл ойында «Қызыл фурия» чемпионға лайық ойын көрсетті дейді.
Италия мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. С тобындағы командалардың тағдыры тек шешуші кезеңде ғана анықталады. Азаттықтың сарапшылар құрамасы матч туралы ойларын айтты.
Германия құрамасы Голландия командасын 2:1 есебімен ұтты. Ал Азаттық сарапшылары «Бұл топтан кімнің шығатыны соңғы турдағы матчтардан кейін ғана анықталады» дейді.
Футболдан Еуропа чемпионатының В тобындағы екінші турда Португалия мен Дания ойнады. Есеп – 3:2. Азаттықтың сарапшылары «Португалия жанданып келеді. Дания жағдайын ушықтырып алды» дейді.
Америкалық USA Today басылымы маусымның 11-і күні жариялаған болжамында «Қазақстан олимпиада ойындарында барлығы 12 жүлде иеленеді» деп жазады.
«Тараз» клубының қосалқы командасының бапкері, бұрынғы белгілі қазақ футболшысы, Қазақстан чемпионатында ең көп соққан шабуылшылардың бірі Нүркен Мазбаев Польша мен Украинада өтіп жатқан Еуропа чемпионаты туралы және Қазақстанның осындай деңгейдегі жарыс өткізу мүмкіндігі жайлы сұхбат берді.
Польша мен Ресей командалары тең түскен соң екі топтың фанаттары төбелесіп қалды. Кем дегенде 15 адам жарақаттанып, 140 адам тұтқындалды. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Варшавадағы Польша-Ресей матчы 1-1 есебімен тең бітті. Ресейліктер А тобында екі ойыннан төрт ұпай жинап, бірінші тұр.
A тобының екінші айналымында Чехия Грекияны 2-1 есебімен ұтты. Азаттықтың сарапшылары "гректер топтан шыға алмайды, ал чехтардың әлі үміті бар" деп есептейді.
Тағы