Еуропа чемпионаты қожайындарының бірі Украина құрамасы ширек финалға шыға алмады. Олег Блохин командасы шешуші ойында Англиядан ұтылып қалды. Кездесу тағдырын Уэйн Руни салған гол шешті.
Швеция құрамасы Францияны 2:0 есебімен ұтса да, чемпионаттың келесі турына өте алмады. Азаттық сарапшылары бұл кездесудің турнирлік маңызы болмағанын айтты.
С тобындағы топтық кезеңнің шешуші ойындары өтті. Қазіргі әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы Хорватиямен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Азаттық сарапшылары ойынға көңілдері толмағанын айтты.
С тобынан көпшілік күткендей Италия мен Испания құрамасы ширек финалға шықты. «Скуадра адзурра» топтық кезеңдегі соңғы ойында Ирландияны ұтып кетті.
«В» тобында Дания құрамасы ширек финалға шыға алмады. Олар шешуші ойында «неміс машинасынан» ұтылып қалды.
Еуро-2012 чемпионаты жалғасып жатыр. Польша мен Украина қалаларындағы футбол жанкүйерлерінің түрлі көңіл күйі бейнеленген суретбаянды көріңіздер.
Сарапшылар «Өлім тобы» деп атайтын «В» тобындағы жеңімпаздар анықталды. Португалия 2:1 есебімен Голландияны ұтты. Голландия қатарынан үш кездесуде жеңілді. Азаттық сарапшылары ойынның қызықты болғанын айтты.
Чехия құрамасы 2012 жылғы Еуропа біріншілігінің иелері Польша құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Сөйтіп алғашқы ойынында Ресей командасынан ойсырай жеңілген Чехия келесі кезеңге шықты. Азаттық сарапшылары осы ойын туралы пікірлерімен бөлісті.
Еуропа чемпионатының А тобынан күтпеген жерден Чехия мен Грекия жеңіп шығып, ширек финалға жолдама алды.
Швеция мен Англия кездесуінде ағылшындар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Азаттық сарапшылары ойынның тартысқа толы және ең қызықты матчтардың бірі болғанын жеткізді.
Тағы