Washington post («Вашингтон Пост») басылымы маусымның 20-сы күні Сауд Арабиясы әйелдерінің олимпиадаға қатысуға рұқсат алғаны жайында мақала басты.
Қазақстандық футбол фанаты Жанар Тілеуқұлдың бұрынғы совет елдерінің ішінде бірінші болып футболдан Еуропа чемпионатын өткізіп жатқан Украина астанасында түсірген суреттерін тамашалаңыздар.
Жанар Тілеуқұл – Қазақстаннан Украинаға аттанған жанкүйерлердің бірі. Испания-Франция және Англия-Италия матчына арнайы барған футбол фанаты Еуро-турнирден алған әсерлерін Азаттыққа баяндап берді.
Италия құрамасы Англия командасын ойын соңындағы пенальтиден ұтып, Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Азаттық сарапшылары «Италия жеңіске лайық болды» дейді.
Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңді. Азаттық сарапшылары ойынның осылай боларын білгендерін айтты.
Бүгін, маусымның 23-і күні Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығатын үшінші команда белгілі болады. Донецк қаласындағы «Донбасс Арена» стадионында Испания мен Франция құрамалары кездеседі.
Германия құрамасы Грекияны ұтып, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Азаттықтың сарапшылары «Германия жартылай финалға еш қиындықсыз шықты. Олардың күштері сақтаулы» дейді.
21 маусым күні Еуро 2012 чемпионатының алғашқы ширек финалы өтті. Португалия құрамасы Чехияны 1: 0 есебімен жеңді. Азаттық сарапшылары чех қорғанысының тас қамал болып тұрып, бір-ақ мәрте сыр бергенін айтты.
Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кездесулері басталды. Бүгін, маусымның 21-і күні ширек финалдық алғашқы ойында Чехия мен Португалия кездеседі.
Еуропа чемпионатында 50 жанкүйер Украина мен Швеция ойынына кіре алмай қалды. Олардың қолындағы билеттер «жалған» болып шыққан.
Тағы