Инчхондағы Азия ойындарында үш алтын алған алматылық студент Дмитрий Баландин өзінен ешкімнің жеңіс күтпегенін айтады.
Талай жыл аяқтары жансыз қалған бұрынғы әскери ұшқыш Сергей Иванкин қазір аздап балдақпен жүреді әрі арбада отырып үстел теннисін ойнайды. Университетте оқитын ол енді үйленгісі келеді.
Қазақстандық 14 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева халықаралық жарыстарда топ жара бастаған жаңа жұлдыз. Ол Азаттыққа өзінің дайындығы мен жоспарлары туралы әңгімеледі.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің «Астана» президенттік спорт клубына кірмейтіні мәлім болды. Клуб өкілдері «демеушілік қаржы қарастырылып қойған» деп мәлімдеді.
Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах 11-12 қазан күндері Алматыда болып, қаланың 2022 жылғы олимпиадаға дайындық бағдарламасымен танысты.
Азия ойындарында 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль иеленген Қазақстан жүлде көлемі бойынша осыған дейінгі Азиада ойындарындағы өз рекордын жаңартты.
«Астана» велокомандасының мүшесі қазақстандық велоспортшы Максим Иглинскийдің қанынан допинг табылған. Бір жарым ай бұрын оның інісі де «допинг қолданды» деп айыпталған еді.
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия олимпиадасында Қазақстан бокс құрамасы алты алтын, бір күміс, бір қола жүлде иеленіп, спорттың осы түріндегі әлемдік жетекшілердің бірі екенін тағы әйгіледі.
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азиаданың 10 күнінен кейін Қазақстан 15 алтынмен командалық жалпы есепте төртінші орында келеді.
АҚШ-қа қоныс аударғалы кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен қазақ боксшысы Қанат Ислам Азаттық радиосына сұхбат берді.
Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан қатысқан Бауыржан Жауынтаев қарсыластарынан басым түсіп, дзюдо күресінен чемпион атанды.
Қысқы олимпиаданың Алматыда өтуіне қарсылар қаржыны әлеуметтік салаға жұмсағанды жөн санайды. Ал шенеуніктер «олимпиада қаланы көркейтуге сеп болатынын» айтады.
Тағы